Apple киім өндірісімен айналысады

11 Января, 2019, 10:03 691
Apple киім өндірісімен айналысады |  | BNews.kz

Киімнің матасы оны киген адамның тамырының соғуын, қысымын, дене температурасы мен денсаулығын бақылай алады. Барлық ақпарат смартфонға жіберілетін болады.

Болашақта Apple iPhone-мен үйлестірілген ақылды киім өндірісімен айналысады. Желіде соған сәйкес патент байқалды, деп хабарлады "Хабар 24" AppleInsider-ге сілтеме жасап.

Бүгін жарияланған патенттік сұранымға сәйкес, компания АҚШ-та ерекше матаны тіркеді. Арнайы материалға өткізілген электродтар мен сымдардың көмегімен ол мәліметтер жинай алады. Мысалы, киімнің матасы оны киген адамның тамырының соғуын, қысымын, дене температурасы мен денсаулығын бақылай алады. Барлық ақпарат смартфонға жіберілетін болады.

Киім тек адамның ең қажетті ағзасына қатысты мәліметтерді жинап қана қоймай, сонымен бірге қолданушының Apple өнімдеріне деген көзқарасын жақсартады деп күтілуде. Мысалы, мата дыбыс шығара алады, сол арқылы адам құлаққап қоспай-ақ, киімнің көмегімен ән тыңдай алады.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13848

Похожие новости