Апта соңына дейін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

01 тамыз, 2018, 15:06 1707
Апта соңына дейін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Алдағы үш тәулікте шквалды жел соғып, бұршақ жауады деп күтілуде.

Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш тәулікте жаңбыр жаууы сақталады, деп хабарлайды BNews.kz  Қазгидрометке сілтеме жасап.

"Қар теңізі аймағынан республика аумағына жылжитын циклон Қазақстанның басым облыстарының ауа райына әсерін тигізіп, соған байланысты алдағы үш тәулікте бұрынғыдай найзағай ойнап, жаңбыр жауады, шквалды жел соғып, бұршақ түсуі ықтимал", - делінген хабарламада.

Қазақстанның солтүстік жарты аймағында түнгі уақыттарда сынап бағанасы 7-15 көрсетеді, ал оңтүстік жарты аймағында ауа температурасы 15-23 градус жылы болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар