"Арыс жағасында" ретро-фестивалі Түркістанда өтеді

10 қазан, 2018, 09:46 1063 Түркістан облысы

Фестиваль 2010 жылдан бастап Шымкент қаласындағы Шәмші Қалдаяқовтың атына берілген гүлзарда жыл сайын өткізіліп келген еді.

Тоғызыншы рет өтіп жатқан "Арыс жағасында" ретро-фестивалі биыл облыс орталығы Түркістан қаласында өтеді, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айтулы шара былтырғы жылы тек бес композитордың ғана шығармашылығын насихаттауға арналса, биылғы фестивальде бірнеше сазгердің шығармалары орындалатын болады. 

Түркістан облысына ғана тән фестивальдің мақсаты - барша қазақтың мақтанышына айналған жергілікті композиторларды, өнер ұжымдары мен әншілерді дәріптеу, олардың шығармашылығын насихаттау. 

Биылғы жыр кешіне ҚР Мәдениет қайраткерлері әнші-сазгер Марат Омаров, Жұбаныш Жексенұлы, Хадиша Шалабаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Айгүл Иманбаева, әнші-сазгер Заттыбек Көпбосынұлы, Асқар Жайлаубаев, "Астана", "Қарғабай", "Арбат", "Сарын" топтары өнер көрсетпек. Өнерпаздар жергілікті сазгерлердің халық арасында кеңінен тараған әндерін орындайды. 

"Арыс жағасында" ретро - фестивалі 2010 жылдан бастап Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқовтың атына берілген гүлзарда жыл сайын өткізіліп келсе, биыл тұңғыш рет облыс орталығы – Түркістан қаласында ұйымдастырылып отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар