Арыстанбек Мұхамедиұлы Данэлия Төлешовамен кездеседі

22 желтоқсан, 2017, 10:44 1690 Астана
Арыстанбек Мұхамедиұлы Данэлия Төлешовамен кездеседі

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы украиналық «Голос. Діти» телевизиялық конкурсының жеңімпазы Данэлия Төлешовамен кездеседі, деп хабарлайды BNews.kz.

Кездесу барысында Данэлия Төлешова жақында өткен телевизиялық шоу жайлы әсерімен бөлісіп, өзінің жоспарлары туралы айтады.

Естеріңізге сала кетейік, алматылық 11 жасар Данэлия Төлешова Украинадағы «Голос. Діти» ән байқауында жеңіске жеткен еді. Ол ақтық сында Океан Эльзы тобының «Не твоя війна» әнін украин тілінде орындады.

Байқаудың алғашқы кезеңінде 11 жасар Данэлия Төлешова украиналық шоудың «Көрмей таңдау» деп аталатын алғашқы кезеңінде Деми Ловатоның репертуарынан «Stone Cold» әнін орындаған соң-ақ көпшілікке танымал болды. 

Қазіргі кезде бұл видеоны әлем бойынша 7 миллионнан астам адам көріп үлгерген. «Голос. Діти» жобасының алғашқы кезеңінде әділқазыларды таңдандырған алматылық қызды Димаш Құдайбергенов мақтаған болатын. 

Кейіннен украиналық шоудың әділқазылар алқасын таңқалдырған Данэлия Төлешованың анасы BNews.kz тілшісіне қызының ерекше есімі мен оның армандары туралы айтып берген болатын. Данэлия жартылай финалда Андра Дэйдің репертуарынан «Rise Up» композициясын орындап, кезекті рет жұлдызды тәлімгерлерді таңдандырған болатын. Данэлияның жеке тәлімгері MONATIK және басқа да әділқазылар алқасы алдарында әлемдік деңгейдегі болашақ жұлдызды көріп тұрғандарын айтып, жас қыздың ерекше дарынды екенін атап өткен.

Ал, финалда алматылық Данэлия Төлешова «Голос. Дети» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Ақтық сында ол Океан Эльзы тобының «Не твоя война» әнін орындады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар