"АрселорМиттал Теміртау" шахтасында өрт шығып, кеншілер эвакуацияланды - Жаңалықтар | BNews

"АрселорМиттал Теміртау" шахтасында өрт шығып, кеншілер эвакуацияланды

11 наурыз, 11:02 1850 Қарағанды облысы

Өрттің себеп-салдары тексеруден кейін белгілі болады.

Қарағандыдағы "АрселорМиттал Темиртау" кен орнында өрт шығып, барлық кеншілер эвакуацияланды, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.

"10 наурыз күні Костенка атындағы кен орнындағы желдеткіш түйілісінде өрт шықты. Ауысым бастығы апаттың алдын алу қимылдарына кірісіп, барлық кеншілерді жоғарыдағы қауіпсіз жерге көтерді", - делінген таратылған хабарламада.  

Өрттің шығу себептері арнайы комиссиялық тексеруден кейін белгілі болады. Көмір департаментінің барлық нысандарында өрт қауіпсіздігіне байланысты кезектен тыс тексеру жұмыстары жүргізілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар