"АрселорМиттал Теміртауға" 500 мың теңгеге жуық айыппұл салынды - Жаңалықтар | BNews

"АрселорМиттал Теміртауға" 500 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

05 ақпан, 17:41 570

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ жылутасымалдағыш температурасын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрілігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті Теміртау қаласының әкімінің хатына сәйкес, ЖЭО-2 "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды BNews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Тексеру барысында, "АрселорМиттал Темиртау" АҚ бекітілген температуралық кестеге сәйкес жылутасымалдағыш температурасын сақтамағандығы анықталған. Департамент жылутасымалдағышының қыздырылмауының 8 фактісін анықтады. Тексеруші департамент "АрселорМиттал Темиртау" АҚ-ға қатысты 481 000 теңге (200 АЭК) көлімінде әкімшілік жазаға тарту туралы шешім шығарылды", - делінген мәлімдемеде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары