Аршалы ауданында жаңа балабақша ашылды - Жаңалықтар | BNews

Аршалы ауданында жаңа балабақша ашылды

15 қараша, 11:17 2102 Ақмола облысы
Аршалы ауданында жаңа балабақша ашылды

Жаңадан ашылған «Қарлығаш» балабақшасында 80 бала тәрбиеленеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Аршалы ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында жаңа «Қарлығаш» балабақшасы өз есігін ашты.

Балабақшада 80 бала тәрбиеленеді. Мұндағы төрт топтың екеуі – мемлекеттік тілде, ал екеуі – орыс тілінде. Әрбір топты кәсіби тәрбиешілер меңгеріп отыр. Екi қабатты ғимаратта орналасқан балабақша iшi жаңа жөндеуден өткен, заманауи стильде көркемделген.

Енді ашылған бұл балабақшада ағылшын тілі, би және «Шебер қолдар» үйірмелерін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Балаларды төрт мезгіл тамақтандырумен қатар, болашақта оларды автобуспен жеткізу мәселесі қарастырылуда.

Мектепке дейінгі мекемедегі жұмыс уақытының кестесі таңертеңгі сегізден бастап кешкі алтыға дейін.   

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар