"Асан" фильмі Қазанда өтетін жастар кинофестиваліне қатысуда   - Жаңалықтар | BNews

"Асан" фильмі Қазанда өтетін жастар кинофестиваліне қатысуда  

27 шілде, 16:03 3021 Алматы

Онда көркем, деректі және анимациялық фильмдер бақ сынайды.

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген қысқаметрлі "Асан" фильмі 2018 жылдың қыркүйектің 4 мен 6 аралығында өтетін Х Халықаралық Қазан кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына еніп отыр, деп хабарлайды BNews.kz "Қазақфильм" АҚ-ға сілтеме жасап.

Аталған жастар киносы фестивалі халықаралық статусы бар Қазан мұсылман киносы кинофестивалі аясында өтеді. Онда көркем, деректі және анимациялық фильмдер бақ сынайды. Фестивальдің құрылтайшысы Татарстан Республикасының Мәдениет министрлігі. Ұйымдастырушылар құрамы әдеттегідей Қазан мемлекеттік мәдениет институты мен Татарстан кинематографистер Кеңесінен тұрады.

Режиссер Берік Жахановтың "Асан" картинасы әкесін көптен бері көрмеген, алайда қазасына жолға шыққан жеткіншек туралы сөз етеді.

"Фильмім кинофестивальге қатысып жатқанына қуанып отырмын. Бұдан да басқа жетістіктерге қол жеткіземін деп үміттенемін", - деді фильмнің режиссері Берік Жаханов.

Естеріңізге сала кетейік, "Асан" фильмі биыл 71-ші  Канн Халықаралық кинофестивалі аясында өтетін, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған қысқаметрлі фильмдерге арналған  Short  Film  Corner бағдарламасында көрсетілген.

Сонымен қатар, Х Халықаралық Қазан кинофестивалінің байқаудан тыс бағдарламасында Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы өндірген – режиссер Адай Әбілдиновтің  "Күлтегін" және режиссерлер – Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының "Мұзбалақ" атты толықметрлі анимациялық фильмдерінің көрсетілімі өтетіні белгілі болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары