Әсет Исекешев 1 қаңтарда таңертең жедел кеңес өткізді - Жаңалықтар | BNews

Әсет Исекешев 1 қаңтарда таңертең жедел кеңес өткізді

01 қаңтар, 14:27 1316 Астана
Әсет Исекешев 1 қаңтарда таңертең жедел кеңес өткізді

Кеңеске қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, ІІД, ТЖД, қалалық коммуналдық қызметтердің басшылары қатысты, деп xабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап. 

Бүгін таңертең қала әкімі Әсет Исекешев жедел кеңес өткізді.

Кеңесте өткен тәулікте қаламыздың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі атқарылған жұмыстар, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуі, криминогендік жағдай бойынша қабылданған шаралар, қалада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоғамдық көліктердің тұрақты жұмысы және өткен барлық іс-шаралар бойынша есептер тыңдалды. 

Тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларының айтуынша, өткен тәулікте елордада жағдай тұрақты болған.

Сондай-ақ, қала әкімі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жолдар тазалығын сақтау және барлық қалалық коммуналдық қызметтерге бірқатар міндет қойды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте елордада қала тіршілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шамамен 32 мың адам жұмылдырылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар