Әшімбаев Назарбаевқа партияның XVIII съезіне дайындық барысы туралы баяндады

05 ақпан, 2019, 18:15 1653
Әшімбаев Назарбаевқа партияның XVIII съезіне дайындық барысы туралы баяндады

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына партияның 2018 жылы атқарған жұмысының қорытындылары туралы есеп берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кездесуде Мемлекет басшысына партияның биылғы ақпан айының соңында өтетін XVIII съезіне дайындық барысы туралы баяндалды. Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне партияның 2018 жылы атқарған жұмысының қорытындылары туралы есеп берілді", - делінген хабарламада.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Нұрсұлтан Назарбаев #Мәулен Әшімбаев #Нұр Отан партиясы

Читайте также

Похожие новости