Асқар Мырзахметов облыс әкімі болып тағайындалды - Жаңалықтар | BNews

Асқар Мырзахметов облыс әкімі болып тағайындалды

10 қаңтар, 18:45 1945 Қазақстан жаңалықтары
Асқар Мырзахметов облыс әкімі болып тағайындалды

Бүгін Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылып, оның орнына Асқар Исабекұлы Мырзахметов облыс әкімі болып тағайындалды.

Асқар Исабекұлы Мырзахметов 1962 жылдың 1 қазанында дүниеге келген.

Қызмет жолын 1988 жылы БААШҒЗЗ Шығыс бөлімшесі жүйесінде кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер мамандығынан бастаған. Ал 1991 жылы - «Қазақстан» республикалық биржасы» АҚ вице-президенті;

1994 жылдан - «ТАСМО» инвестициялық коммерциялық орталығының бас директоры;

1995 жылдан - «Агро-Лизинг» АҚ бас директоры;

1999 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі;

2002 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық бірінші вице-министрі - ҚР Ауып шаруашылық министрлігі Орман және аңшылық шаруашылық комитетінің төрағасы;

2005 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық министрі;

2006 жылдан - Өзбекстан Республикасындағы ҚР төтенше және өкілетті Елшісі;

2007 жылдан - «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы;

2009 жылдан - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;

2015 жылдың 8 тамыздан - "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары;

2016 - 2017 жылдарда - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды.

Орта Азия және Қазақстанның Биржалар қауымдастығына, Қазақстан Кәсіпкерлер форумының кеңесіне басшылық еткен, ҚР Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі болған.

Айта кетейік, 2017 жылдың 15 желтоқсанында Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Исабекұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды. Ал ол лауазымға Өмірзақ Шөкеев тағайындалған.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары