Әскерден қашқан сарбаз Алматыдан табылды – ҚР Қорғаныс министрлігі - Жаңалықтар | BNews

Әскерден қашқан сарбаз Алматыдан табылды – ҚР Қорғаныс министрлігі

31 қаңтар, 16:37 889
Әскерден қашқан сарбаз Алматыдан табылды – ҚР Қорғаныс министрлігі

Жамбыл облысындағы әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз Жанболат Бозбанов кеше Алматыдан табылды.

Ол бірнеше күн іздестіру шарасынан кейін Алматы қаласынан табылды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жамбыл облысындағы 21450 әскери бөлімшесінде борышын өтеп жүрген қатардағы сарбаз Жанболат Бозбановтың қашып кеткені осыған дейін хабарланған болатын. 30 қаңтар күні ҚР ӘҚ әскери полициясы іздестіру шаралары барысында сарбазды Алматы қаласынан тапты", - делінген ведомство хабарламасында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары