Аслан Мусин ұлының қырқынан кейін мәлімдеме жасады - Жаңалықтар | BNews

Аслан Мусин ұлының қырқынан кейін мәлімдеме жасады

05 ақпан, 10:16 964
Аслан Мусин ұлының қырқынан кейін мәлімдеме жасады

Аслан Мусин ұлы Асылбектің қазасынан кейін қиын сәтте отбасына қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс білдірді.

Қазақстан президенті әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусин қаза болған ұлы Асылбектің қырқы өткеннен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BNews.kz Sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.  

Мусин өзінің видео үндеуінде қиын сәтте отбасына қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс білдірді. 

Аслан Мусин ұлын мақтан тұтатынын және оның ісін ғалымдармен бірге жалғастыратынын атап өтті. Ол үлкен ұлының ғылыми мұрасын мақтан тұтатынын мәлімдеді.  

"Асылбектің жетекшілігімен Голландияда адам қызметінің барлық философиялық, гуманитарлық саласын жүйелендірумен, зерттеумен айналысатын монотеизм институты құрылып, жұмыс істеп жатыр. Ол Израиль, Ресей, Қытай, Жапония, Еуроодақ елдеріндегі ниеттестерімен бірге адамның бүгінгі күнге дейінгі барлық ой-пікірін жинақтайтын 114 том шығарды", - деді  Мусин өз үндеуінде. 

Аслан Мусин қазір Құран, Тора, Библия және өзге де қасиетті кітаптарды зерттеу бойынша әмбебап сөздік жасау жұмысы басталғанын, сондай-ақ әлемдегі қасиетті жерлерді аралауға қатысты жүздеген сағат аудио және видеоматериал түсірілгенін атап өтті.

Аслан Мусин Асылбекті еске алу мақсатында оның ниеттестерімен бірге "Несущий свет" деп аталатын фильм түсірген, ол үндеуден кейін бірден көрсетілді.  

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусиннің ұлы – Асылбек Латвияның Рига қаласында өткен жылы желтоқсанның 23-нен 24-не қараған түні 15-қабаттан құлап, қайтыс болған еді. Полицияның мәліметінше, Асылбек Мусин суицид жасаған болуы мүмкін.   

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары