Астана-1 теміржол вокзалында 10 жаңа эскалатор іске қосылды

11 қаңтар, 2019, 10:17 875
Астана-1 теміржол вокзалында 10 жаңа эскалатор іске қосылды

Халықаралық стандарттарға сай эскалаторлар жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Халықаралық стандарттарға сай жаңа эскалаторлар тек жолаушылар қауіпсіздігін ғана қамтамасыз етіп қоймай, физикалық тозуға шыдамды әрі ресурс үнемдеуге бейінді, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Эскалаторлар Ақмола лифтжасау зауыты желісінде жиналды. Құрал-жабдықтар Астана қаласының құзырлы мемлекеттік органдарында тиісті есепке қойылды. Құрылғы пайдалануға жарамдылығы жөніндегі техникалық байқаудан өткізілді.

Ескірген эскалаторларды жаңасына ауыстыру жөніндегі жұмыстар 2018 жылдың қараша айынан басталған.

Астана-1 жаңа теміржол вокзалы 1990 жылдан бастап жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда вокзал ғимаратының аумағы 11 мың текше метрді құрайды және тәулігіне 12 000 жолаушыны өткізуге қабілетті вокзал тәулігіне 37 пойызға қызмет көрсетеді.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #«Қазақстан темір жолы» #жолаушылар пойызы

Читайте также

Похожие новости