«Астана - болашақ қаласы» атты виртуалды кітаптың таныстырылымы өтті - Жаңалықтар | BNews

«Астана - болашақ қаласы» атты виртуалды кітаптың таныстырылымы өтті

28 желтоқсан, 11:00 2038 Астана
«Астана - болашақ қаласы» атты виртуалды кітаптың таныстырылымы өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің атынан елорда мектептерінің оқу озаттарына, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына А-84 клубының бесенділеріне «Астана – болашақ қаласы» атты виртуалды кітап табысталды, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Кітапқа барлығы 3800 дарынды оқушы ие болады.

Елбасынның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай тұтас ел көлемінде кешенді жұмыстар жасалып жатыр. Бағдарламалық мақалада көрсетілген салаларға сәйкес Астана қаласында да «Руғани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері», «Қазақстанның жүз жаңа тұлғасы», «Жаһандық заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобалары қарқынды жүзеге асырылуда.

Аталмыш бағдарламаның аясында Астана қаласы әкімдігінде «Астана – болашақ қаласы» атты виртуалды кітаптың таныстырылымы өтті.

«Астана - болашақ қаласы» атты виртуалды кітап арқылы оқырман еліміздің елордасында қазіргі күнде қолданылып жатқан және болашақта қолданысқа енетін барлық жаңа технологиялармен таныса алады. Кітапты қолдану үшін алдымен смартфоныңызға Smart Astana VR book мобильді қосымшасын тегін жүктеп алуыңыз керек. Мобильді қосымшаны жүктеу арқылы сіз қаламызда қолданылып жатқан және алдағы уақытта қолданылатын жаңа технологиялар туралы пайдалы ақпаратты толықтырылған шынайылыққа толы аудио дыбыспен және анимациямен көре аласыз.

«Бұл кітапқа қалада қолданылып жатқан және қолдануға енетін жобалар кірген. Жобалар Смарт Астана атты бағдарламадан алынды. Мысалы кітапқа енген Болотов жел турбинасы, ол Астана әуежайынан ЭКСПО көрме кешеніне дейінгі жолды жарықтандырады. Егер жел әлсіз соққан жағдайда қолданыстағы пропеллерлі станциялар жұмыс істемейді, сол кезде тоқты қазақстандық ғалым ойлап тапқан осы Болотов жел турбинасы береді. Мобильді қосымшаны жүктеген соң сіз кітап арқылы турбина жұмысын 3D форматта көре аласыз», деді жобаны іске асырушы «Big Dream» компаниясының өкілі Әйгерім Мұқашева.

Кітаптың таралымы бес мың дананы құрайды.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары