Астана – Шідерті тас жолының учаскесі қайта жөндеуден өтті

22 Января, 2019, 10:58 1328
Астана – Шідерті тас жолының учаскесі қайта жөндеуден өтті  |  | BNews.kz

45 шақырымды қайта жаңартқаннан кейін, трасса ені 3,75 м төрт жолақтан тұратын 1A санаттағы бетон жолы болды.

Ақмола облысында "Астана – Ерейментау – Шідерті, 115-165 км" жол учаскесі ресми түрде пайдалануға тапсырылды, деп хабарлады "BI Road Construction" компаниясы.

Компания еліміздегі үлкен "Центр – Восток" көлік жолының бір бөлігі болып табылатын күрделі объектіні қайта жаңартуды қолға алып, ауа райының қолайсыздығына қарамастан мерзімінде тапсырды.

"2014 жылы жол құрылысы басталды, ал 2015 жылы қардың еруі жұмысқа айтарлықтай кедергі келтірді. Дегенмен арнайы орнатылған қар қорғағыш қоршаулар көмектескен еді", - деп атап өтті компанияда.

Енді осы жолдың арқасында Ерейментау мен Астана арасындағы қашықтық 5 км-ге қысқарды. 45 шақырымды қайта жаңартқаннан кейін, трасса ені 3,75 м төрт жолақтан тұратын 1A санаттағы бетон жолы болды. Бұл учаскеде 31 су өткізу құбыры, 5 мал өткелі, 3 жол өтпесі, 2 көлік айырығы, 1 көпір, автобус аялдамалары, автопавильондар мен демалыс алаңдары салынды.

Осы жетістіктердің барлығы – 70 бірлік техникамен қаруланған холдингтің 300 қызметкерінің еңбегі. 

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13850

Похожие новости