Астана әкімдігі 55 бюджеттік-инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр

01 ақпан, 2019, 09:49 2763
Астана әкімдігі 55 бюджеттік-инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр

Жобалар құны 5,5 млрд теңгені құрайды.

Астана әкімдігі 55 бюджеттік-инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда 23 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізіледі, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин бюджеттік-инвестициялық жобалар мүлкін коммуналдық меншікке беру барысы туралы хабарлады.

"2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 5,5 млрд теңге бюджеттік-инвестициялық жобалар мүлкі қабылданды, 2004-2015 жылдардағы проблемалық жобалар қабылданған жоқ", - деді Асқар Әмрин әкімдікте өткен жиында.

Белгілі болғандай, 22 қаңтарда Астана әкімі 2019 жылғы бюджеттік-инвестициялық жобалар (БИЖ) тізбесін бекітті.

Оның айтуынша, әкімдік 55 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлаған. Қазіргі таңда 23 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілуде.

Сонымен қатар, БИЖ-дің 21-жобасы әзірге хабарланбаған.

"Хабарландырулар болмауының негізгі себептері мемлекеттік сараптама қорытындысын, қазынашылық сүйемелдеумен жобалар тізіміне қосу кешігуде, жер учаскелері және жобалардың құнына түзетулер енгізу мәселелері шешілмеген", – деді қала әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар, 11 жобаның  тізбеден алынуына байланысты мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізілмейді.

"2019 жылдың жоспарына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу жөнінде белсенді жұмыс жүргізілуде", – деп атап өтті Асқар Әмрин.  

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #жоба #инвестиция #мемлекеттік сатып алулар

Читайте также

Похожие новости