Астана әкімдігі ауа райына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын абай болуға шақырады - Жаңалықтар | BNews

Астана әкімдігі ауа райына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын абай болуға шақырады

11 қаңтар, 11:43 1704 Астана
Астана әкімдігі ауа райына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын абай болуға шақырады

Ауа райының қолайсыздығына байланысты, төтенше жағдайларды алдын-алу мақсатында, барынша көшеде абай болуларыңызды сұраймыз, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес береміз. Бұрқасын жел болған жағдайда, далада қалған болсаңыз, қауіпсіздік шараларын сақтауларыңыз қажет. 

Атап айтқанда, құрылыс алаңдарынан ары жүріп, жарнама ілінген тақталардан сақтанып, электр сымдары мен ағаштардан айналып өтулеріңізді сұраймыз.

Төтенше жағдайлар департаменті кез-келген жағдайда 112 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Дәл қазір қаладағы барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Елордада бүгін қар жинауға 1345 техника шықты

Кеше тәулік ішінде қаладан 34 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл туралы қаланың «Астана Тазалық» ЖШС хабарлады.

«Тәулік ішінде Астанада 34 227 текше метр қар шығарылды. Соның ішінде, «Астана Тазалық» ЖШС 11 787 текше м, «Астана-көгалдандыру құрылысы» АҚ 2 159 текше м және мердігер ұйымдармен 20 281 текше м қар шығарылды», - делінген хабарламада.

Жолдарды тазалау және қар шығару жұмыстарына 1345 техника тартылды, соның ішінде Алматы ауданында 557, Сарыарқа ауданында 343 және Есіл ауданында 445 техника. Атап айтқанда, сыпыру-жинау машиналары, тротуар жинайтын машиналар, шнекороторлық техника, құмтөсегіштер, автогрейдерлер, қар тиегіштер, фронталдық тиегіштер және самосвалдар.

Бұдан басқа, қарды қолмен жинауға 1888 жол қызметкері: Алматы ауданы бойынша 845, Сарыарқа ауданы бойынша 560 және Есіл ауданында 483 жұмыскер тартылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары