Астана әкімдігі аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерді оқытуға 58 млн теңге бөлді

06 қыркүйек, 2018, 19:39 4067 Астана
Астана әкімдігі аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерді оқытуға 58 млн теңге бөлді

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы комиссиясының шешімі бойынша оқу грантына 47 түлек ие болды.

Қалалық әкімдік жанындағы комиссиясының шешімі бойынша Астана әкімінің грантына 47 түлек ие болды, оның ішінде жетім балалар, балалар үйінің тәрбиеленушісі, бала кезінен мүгедектер, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасыдан шыққан балалар бар, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Әкімнің білім алу гранты сұранысы көп мамандықтарды оқыту үшін бөлінді. Әсіресе техникалық, педагогикалық және медициналық бағыттарға басымдық берілді. Астана қаласы әкімдігінің жанындағы комиссия шешімінің қорытындысы бойынша 47 түлек грант иесі атанды. Оның ішінде жалпы білім беретін мектептегі жетім балалар, балалар үйінің тәрбиеленушісі, бала кезінен мүгедектер, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасыдан шыққан балалар. 

"Біз үшін сіздер барлығыңыз жеңімпазсыздар. Сіздердің грант иегері атануларыңыздың өзі ерік-жігерлеріңіз бен мақсатшыл екендеріңізді көрсетіп тұр, сіздер арманға қол жеткізу үшін бірінші үлкен қадамды жасадыңыздар. Бұл тек бірінші жеңіс, қалғаны алда күтіп тұрғанына сенімдімін. Әрдайым күшті, белсенді, өмірде де көшбасшы болыңыздар. Күні ертең сіздер тек өздеріңізге ғана жол салмайсыздар, елге де септігін тигізесіздер. Бүгінде сіздердің технология, ғылым тағы басқа да саланы дамытуға керемет мүмкіндіктеріңіз бар. Сіздерге жоспарларыңыз бен идеяларыңызды іске асыруға тілектеспін", - деді Әсет Исекешев. 

Қорытынды бойынша 17 талапкер Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде оқитын болды, 7 адам – "Астана" медицина университетінде, 1 түлек Тұран Астана университетінде, 14 адам Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде, 4 түлек Қазақ технология университетінде және Еуразия гуманитарлық институтында жоғары білім алады. 

"Мен көпбалалы отбасында өстім. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің электроэнергетика факультетіне түстім. Бұл мамандықты кездейсоқ таңдаған жоқпын, жасыл энергетика саласында көмірді алмастыратын балама тапқым келеді. Бүгін әкімнің әрбір студентке көңіл бөлгеніне риза болып қалдық. Оның қолдауы мен мотивациясын сезініп тұрмыз", - деді Астана әкімі грантының иегері Әмір Ермағамбет. 

Айта кетейік, осы оқу жылы бірінші рет ЖОО-ларда жаңа мамандық пайда болды, ол құрылыста 3D таңбасын жобалаушы, компьютерлік жүйенің талдаушысы және әзірлеуші (разработчик), web- дизайнер және ландшафт дизайнері.

Жалпы білім беру мектебіндегі жетім балалар, балалар үйінің тәрбиеленушісі, бала кезінен мүгедектер, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасыдан шыққан балалардың оқу ақысына көрсетілетін әлеуметтік көмекті Астана қаласындағы жоғары оқу орындарына әкімдік жыл сайын ұсынып отырады. 

Осы мақсатта биыл 58,8 млн теңге қарастырылды. Бүгінге дейін әкімнің жалпы білім беру грантымен 125 студент оқиды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар