Астана әкімдігі демалыс күндері өтетін іс-шаралар жоспарын ұсынды

01 желтоқсан, 2018, 12:24 2672 Астана
Астана әкімдігі демалыс күндері өтетін іс-шаралар жоспарын ұсынды

Қала тұрғындары мен қонақтары 1-3 желтоқсан аралығында өтетін мәдени және спорттық іс-шараларға барып, демала алады.

Елорда әкімдігінің ресми сайты Астана қаласының мәдени және спорт мекемелерінде 1-3 желтоқсан аралығында өтетін іс-шаралар жоспарын ұсынады, деп хабарлайды BNews.kz.

1 желтоқсанда "Астана-Арена" стадионында Тұңғыш Президент күніне орай балалар мен жастар арасында бокс турнирі басталады. Спорттық іс-шараның басталу уақыты: сағат 10:00-де.

Ал 2 желтоқсанда сағат 10:00-ден бастап елорда тұрғындары мен қонақтары "Қазақ елі және Елбасы" көрмесін тамашалай алады. Сәкен Сейфуллин мұражайында ұйымдастырылған көрме 5 желтоқсанға дейін жұмыс істейді.

Сенбі және жексенбі, 2-3 желтоқсанда жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден республикалық чемпионат өтеді. Ойынның басталуы сағат 12:00-де. 

3 желтоқсанда қалалықтар үшін Тәуелсіздік сарайында түрлі көрмелер ұйымдастырылады. Мұнда танымал суретшілердің, заманауи өнер шеберлерінің туындыларын көруге болады. "Ақановтар әулеті", "Астана – жастар болашағы", "Кеңістіктегі қозғалыс", "Түс әлемі", "Үміт жолы" көрмелері жұмысын сағат 10:00-де бастайды. Көрме желтоқсан айының соңына дейін жұмыс істейді.

Сол күні сағат 17:00-де "Барыс Арена" стадионында өтетін ҚХЛ чемпионаты аясында "Барыс" пен "Металлург МГ" командалары кездеседі. 

Мерекелік демалыс күндері итальяндық жұлдыздардың "Сан-Ремо" концерттік бағдарламасымен аяқталады.Концерт "Жастар" сарайында өтеді. Басталуы: сағат 19:00-де.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар