Астана әкімдігі тұрғындарды сұйылтылған газды аккредиттелген фирмалардан сатып алуға шақырды

11 қаңтар, 2019, 12:09 561
Астана әкімдігі тұрғындарды сұйылтылған газды аккредиттелген фирмалардан сатып алуға шақырды

Газбен жабдықтау саласындағы заңнама бұзылған жағдайда әкімдіктің іKomek бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.

Төтенше жағдайларды болдырмау үшін отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасы қала тұрғындарын газ баллондардан тек аккредиттелген ұйымдардан ғана сатып алуға шақырады.Мұндай ұйымдар баллон газын Астана аумағында тегін жеткізеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Астанада мұндай төрт компания бар. Олар "Астанагазсервис" АҚ, "LPG Дистрибьюшн" ЖШС, "Коммерц Трейд" ЖШС, "Горгаз Астана 2050" ЖШС.  Жеткізудің шекті мерзімі өтінім берілген сәттен бастап 24 сағат. Аталған ұйымдар баллонды газды жеткізуді қала аумағында тегін жүзеге асырады.

"Газбен жабдықтау саласындағы заңнама бұзылған жағдайда (автожанармай құю станцияларында газ баллондарын толтыру, тиісті құжаттарды ұсынбау) әкімдіктің іKomek-тің бірыңғай байланыс орталығына 109 телефоны бойынша, сондай-ақ #astana109 хэштегімен әлеуметтік желілерде дереу хабарлауды сұраймыз", – деп атап өтті басқармада.

Белгілі болғандай, Астананың жекеменшік секторының көптеген тұрғындары тамақ дайындау және жылыту үшін сұйытылған газды пайдаланады. Газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының сақталмауы мен немқұрайлылық өртке, жарылысқа әкелуі мүмкін.

"Газ және газбен жабдықтау туралы" Заңға сәйкес авто-газ құю стансыларында газ баллондарын толтыруға тыйым салынады. "Газ желісі ұйымдары мен газ толтыру пунктерінің иелері тұрмыстық баллондарда газ сатып алатын тұтынушыларды абоненттік есепке алуды жүзеге асыруға, толтырылатын баллондарды техникалық жарамдылығы тұрғысынан тексеруге, тұрмыстық баллондарды газ желісі ұйымының немесе газ толтыру пункті иесінің тауарлық белгісімен таңбалауды жүзеге асыруға, тұтынушыларға сатылатын әрбір тұрмыстық баллонға кепілді сапа талонын беруге, газ баллон қондырғыларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ, биіктігі екі қабаттан асатын көппәтерлі тұрғын үйлерде газ баллонын пайдалануға тыйым салынады", – деп еске салды басқармада.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Астана әкімдігі #коммуналдық шаруашылық

Читайте также

Похожие новости