Астана әкімдігі цифрлық басқаруға көшті

11 желтоқсан, 2018, 12:47 1917
Астана әкімдігі цифрлық басқаруға көшті

Цифрландыруды енгізудің арқасында әкімдік жұмысын бақылау жүйеленді және қала басшылығына онлайн түрінде қолжетімді болды.

Отырыстарда есептер қатаң түрде қаланы басқарудың цифрланған панеліне сәйкес тыңдалады. Басқарудың басты мәселелері: стратегиялық KPIs, елорданы дамыту жобалары, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау, қаланың жүйелі түйткілдері – толықтай цифрланып, Астана қаласы әкімдігінің басшылығы тарапынан онлайн мониторинг жүргізіледі, деп хабарлады astana.gov.kz.

Қала дамуы мен қалалық сервистердің стратегиялық KPIs үш деңгейлі жүйеге бағынады. Әрбір көрсеткіш әкімнің жетекшілік етуші орынбасары мен басқарма басшысына бекітілген. Бұрын тиімділік көрсеткіштері жылына бір рет бағаланып, мәліметтерді жинап, есептеу көп жұмысты қажет ететін болса, қазір олар автоматты түрде саналады, ақпарат Статистика мен Жоба кеңсесінен алынады. Әрбір басшы жетістікке жету прогресін көріп, нәтижеге жетпей қалатындай қауіп болса, тиісті шара қабылдай алады. 2016 жылы елорда әкімдігі жобалық тәсілді енгізуді бастады. Бүгінде жобалар жиынтығында 580-нен астам даму жобалары бар. Олар құрылысты, әлеуметтік жобаларды және басқаларын қамтиды. Барлық жобалар цифрланған және әкімдік сайтында онлайн түрінде қолжетімді:

Әкімдіктің жоба кеңсесі iKOMEK қалалық мониторинг орталығында ашылды. Әкімдіктің iKOMEK бірыңғай байланыс орталығы жұмыс жасаған 11 ай ішінде азаматтардан 860 мыңнан астам өтініш қабылданды, олардың орындалуы Қаланы басқару панелі арқылы онлайн түрде бақыланады. Азаматтар өтініштері негізінде BIG DATA технологиясы қолданылуда.

"Қаланың жүйелі түйткілдерінің рейтингісі" жасақталды. Талдау үлгісіне өтініштер мен жағдаяттардың қайталануы, резонанстығы және өтініштегі мәселенің күрделілігі арқау болды.

“Шағымдар көлемін азайтып, тұрғындардың әкімдік жұмысына көңілі толуын арттыру үшін жүйелі түйткілдерді шешуге назар аудару керек", - деді әкім Бақыт Сұлтанов.

Цифрландыруды енгізудің арқасында әкімдік жұмысын бақылау жүйеленді және қала басшылығына онлайн түрінде қолжетімді болды. Бұдан былай әкімдіктің апта сайынғы отырыстары қатаң түрде қаланы басқарудың цифрландырылған панелі бойынша өтеді. 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Астана әкімдігі #цифрлық технологиялар

Читайте также

Похожие новости