Астана әкімдігі жаңа саябақтар мен веложолдарда тәртіпті сақтауға шақырады

10 шілде, 2018, 11:37 1202 Астана
Астана әкімдігі жаңа саябақтар мен веложолдарда тәртіпті сақтауға шақырады

Биыл елордада жалпы ауданы 8,7 га құрайтын 9 гүл бағы мен желек жол салынды.

Елорда әкімдігінде апта сайынғы аппараттық кеңес болып өтті. Жиында қала тіршілігіне қатысты бірқатар маңызды сұрақтар қаралды, деп хабарлайды BNews.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл елордада жалпы ауданы 8,7 га құрайтын 9 гүл бағы мен желек жол салынды. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін ауданы 14,2 га болатын өзен жағасындағы саябақ пен ауданы 92 га құрайтын ботаникалық бақтың құрылысы аяқталады.

"Осылайша, 2018 жылы қаладағы көгалдандырылған аумақтың ауданы 115 га ұлғайып, 15 537 га құрайтын болады. Мұнымен қоса, елорданың барлық аудандарындағы аулаларды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда Астанада 1,4 мыңнан астам аула бар. Олардың 300-ге тарта ауласы қалпына келтірілетін болады. Аталмыш жұмыстардың біраз бөлігі аяқталды", – деп мәлімдеді кеңес барысында Исекешев.

Ыңғайлы әрі қолайлы инфрақұрылымды қалыптастыру үшін елорда әкімдігі велосипедтік көлік және инфрақұрылымды дамыту жоспары әзірленіп, бекітілді.  Астана әкімі Ә. Исекешевтің тапсырмасы бойынша алдағы бірнеше жылда елордада қаланың бар аумағын қамтитын 1717 шақырымдық веложолдар салынады.

"Жыл соңына дейін ұзындығы 34, 08 шақырымды құрайтын веложол пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ол Есіл өзенінің аумағын қамтиды. Астананың орталық саябағынан басталатын жол жасыл белдеу аумағындағы веложолмен тоғысады. Бұл алаңның бір бөлігі бүгінгі таңда қолданыста. Қала тұрғындары өз игілігіне жаратып жатыр", – деп атап өтті Әсет Исекешев. 

Жаңа инфрақұрылымның сұранысқа ие екендігін ескере отырып Астана әкімі веложолдары бар барлық алаңдарда арнайы белгілерді орнатуды жүктеді.

Қауіпті және оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында Астана әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарынан барлық демалыс орындарында тәртіпті сақтауды, жаңа жолдарды орынды пайдалануды сұрайды.

Велосипед жүргізушілеріне арналған жолдар қызыл түске боялып, арнайы белгілермен таңбаланды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар