Астана әкімдігінде мүгедек баланы алып жүрушіге де жеңілдік беру ұсынылды - Жаңалықтар | BNews

Астана әкімдігінде мүгедек баланы алып жүрушіге де жеңілдік беру ұсынылды

06 ақпан, 17:08 917 Астана
Астана әкімдігінде мүгедек баланы алып жүрушіге де жеңілдік беру ұсынылды

Бұл ұсыныс қоғамдық кеңестің отырысында айтылды, деп хабарлайды BNews.kz әкімнің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Артем Әбілдинов қоғамдық көлікте мүмкіндігі шектеулі балаларды алып жүрушіні де жолақысын төлеуден босатуды ұсынды.

"Астана мәслихатының тұрақты комиссиясының қаулысына сәйкес, Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік-мәдени даму мәселесі бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды алып жүретін адамдарға да жеңілдік жасайтын жолақы ұсыну мүмкіндігін зерттеуді ұсынды. Осыған байланысты, мүгедек баланың ата-анасының біреуіне тегін жол жүру құқығын беру қарастырылуда", - деп мәлімдеді Артем Әбілдинов. 

Қоғамдық кеңестің қатысушылары жобаны бірауыздан қолдап, мақұлдады. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары