Астана әкімдігінде рұқсатнама алудың жаңа жүйесі орнатылды 

07 желтоқсан, 2018, 15:20 3065 Астана
Астана әкімдігінде рұқсатнама алудың жаңа жүйесі орнатылды 

Жаңа құрылғы ЖСН арқылы азаматтардың өздері тіркелуіне мүмкіндік береді.

Елорда әкімдігінде рұқсатнама алудың жаңа жүйесі орнатылды. Бұл жаңашылдық азаматтарға ЖСН көмегі арқылы тіркеу барысынан өздерінің өтуіне мүмкіндік береді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

ЖСН арқылы азаматтардың өздері тіркелуіне мүмкіндік беретін терминалдар қалалық әкімдіктің ғимаратына орнатылып қойды. Әкімдікке кірмес бұрын алдын ала рұқсатнамаға тапсырыс беріп, әкімдіктің кіреберісінде орнатылған терминал арқылы төлқұжатыңызды сканерлеудің көмегімен тіркелсеңіз, жеткілікті.

"Келуші әкімдіктің қызметкеріне қоңырау шалып, рұқсат қағазына тапсырыс беруін өтінуі керек. Қызметкерлер "Рұқсат беру бюросына" хабарласып, рұқсат қағазына тапсырыс береді. Бар ақпарат ЖСН арқылы беріледі. Бұл өте ыңғайлы. Жүйе мемлекеттік "Жеке тұлғалар" мәліметтер базасымен біріктірілген", - деп хабарлады "Рұқсат беру бюросы" жобасының менеджері Мадьяр Бакеев.

Оның айтуына қарағанда, жүйе ғимараттың қауіпсіздігін келушілердің 100% есепке алынуын қамтамасыз етіп, күту уақытын қысқартады.

"Әкімдіктегі жұмыс күні сағат 18.00-ге дейін. Егер азаматтар бұл уақыттан кешірек келсе,  оны кіргізбеуі мүмкін. Ал ол уақтылы қоңырау шалып, оған рұқсат қағазына тапсырыс беруін өтінсе, мысалы сағат 19:00-ге десе, ол осы уақытта келіп, кіре берісте орналасқан терминалдан өздігінен тіркеуден өтуіне болады. Ол үшін төлқұжатын сканерге жақындатса жеткілікті. Терминалға орнатылған сканер төлқұжаттың штрих-кодын сканерлейді де, экранда "БӨП өте беруіңізге болады" деген жазу пайда болады", - деді Мадьяр Бакеев.

Терминалдар қалалық әкімдіктегі барлық кіре беріске орнатылды.

"Рұқсат беру бюросы" жүйесі Үкімет, Ақорда ғимараттарында, Министрліктер Үйінің Президент істері жөніндегі басқармасы орналасқан кіреберісінің біреуінде қолданылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар