Астана әкімдігінде жедел әрекет ету үшін бірыңғай колл-орталық қашан іске қосылатыны айтылды

24 қаңтар, 2019, 18:57 3037
Астана әкімдігінде жедел әрекет ету үшін бірыңғай колл-орталық қашан іске қосылатыны айтылды

Шұғыл қызметтердің бірыңғай колл-орталығы 101, 102 және 103 нөмірлерін біріктіреді.

Елордада жедел әрекет етуге арналған "112 бірыңғай колл-орталы" осы жылдың екінші тоқсанында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы әкімдігіне қарасты iKomek қалалық орталығының әкімшілік қаржылық департамент директоры Ақан Нұрғожин мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

"Адам өміріне қауіпті жағдайлар бойынша 101, 102, 103 және 112 нөмірі бар. Осы барлық нөмірлерді алдағы уақытта Астана және барлық елді мекендерді 112 нөміріне біріктіру жоспарланып отыр. Мерзім бойынша осы жылдың екінші тоқсанында бұл жұмыс іске асырылады деп күтіліп отыр. Әртүрлі апатты жағдайда да осы қызметтердің бәрі үйлестіріліп, барлық қызмет бір нөмір арқылы көрсетілетін болады", - деді Ақан Нұрғожин.

Ол алдағы уақытта қала тұрғындары бұл қызметті белсенді түрде пайдаланатынына сенімді.

"Астаналықтар байланыс орталығының тиімділігіне көз жеткізіп, осы қызметті белсенді түрде пайдаланады. Сондай-ақ, елорданың тыныс-тіршілігінің барлық мәселелері бойынша өз өтініштерін, ұсыныстары мен шағымдарын тәулік бойы жолдап отырады", - деп атап өтті Ақан Нұрғожин.

​2018 жылғы жұмыс қорытындысы мен iKomek мониторинг және жедел әрекет ету қалалық орталығының даму жоспары туралы ОКҚ брифингінде фронт-офис жетекшісі Жаннат Дубирова мәлімдеді. Оның айтуынша, 911 америкалық қызметке ұқсас 112 қызметін құру жоспарлануда, ол қаланың шұғыл қызметтерінің (101, 102, 103) нөмірлерін бірыңғай колл-орталықпен біріктіреді. Өз кезегінде бейнебақылау жүйесі барлық қалалық камераларды ақылды талдау элементтерімен біртұтас жүйеге біріктіреді.

"Осы аптада біз барлық жағдайларды автоматты түрде таратудың мобильді қосымшаны іске қостық. Қосымша қала басшылығына күндіз-түні қолжетімді", - деді ол.

Мобильді қосымша қаржыны, сондай-ақ қала басшылығының уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бір жыл ішінде бірыңғай байланыс орталығы миллионнан астам өтініш қабылдады және оның 80%-ы алғашқы қоңыраудан шешілді. Даму жоспарларының арасында - қызмет көрсету сапасын арттыру: реакция уақытын төмендету, алдын ала әрекет ету саясатын құру, азаматтардың адалдығын арттыру көзделген.

Естеріңізге сала кетейік, орталық 2017 жылдың желтоқсанында құрылды. Бүгінгі таңда iKomek-те су, жылу, электр энергиясы, коммуналдық төлемдер, қоғамдық көлік бойынша коммуналдық қызметтердің барлық колл-орталықтары біріктірілді.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #орталық #мобильдік қосымша

Читайте также

Похожие новости