Астана әкімі қала экономикасы дамуының басты бағыттарына тоқталды

9 Января, 2019, 12:03 1223
Астана әкімі қала экономикасы дамуының басты бағыттарына тоқталды  |  | BNews.kz

Елордада 2023 жылға дейін 121 шақырым жол салынады.

Бақыт Сұлтанов орта мерзімді кезеңге арналған басым міндеттерді белгіледі, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Астана әкімінің төрағалығымен 2018 жылдың қорытындысы және 2019 жылдың жоспарына арналған қала активінің кеңейтілген аппараттық кеңесі өтіп жатыр. Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қалалық ортаның сапасын арттыру мақсатында өткен жылы Астана қаласында тұтас құрылыс салу  бойынша 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданды.

"Көліктік инфрақұрылым саласындағы жыл сайынғы көлік санының 8-9% - ға, өсу деңгейіне байланысты 2023 жылға дейін 121 км жол, 2 көліктік жол айрығы, 3 көпір, 1 жол өтпесі, 1 тоннель, сондай-ақ, ең алдымен жеңіл рельсті көлік (LRT) салу жоспарланып отыр. Көліктік қаңқасын қалыптастыру елорда жолдарында негізгі магистральді жеңілдетуге және көлік коллапсын туындау ықтималдығының алдын алуға мүмкіндік береді", - деді Бақыт Сұлтанов.

Білім саласындағы 2023 жылға дейін елордаға көшіп келетін өсім есебінен мектеп жасындағы балалар контингенті 124 мың адамды құрайды. Мектепте орын тапшылығын жою үшін 37 мектеп, 10 қосымша жапсырлас ғимарат (барлығы 63 мың орындық) салынады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі біліммен 100% қамту үшін (63 358 балаларды) 25 балабақша салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласында 15 нысан салу жоспарланған. ТКШ-і тұрғындарын сапалы қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 150 км сумен жабдықтау желілері және 81 км су бұру желілері салынады. 2-ЖЭО жаңғырту қосымша 2~2,5 млн. шаршы метр тұрғын үй және коммерциялық ауданын орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етеді. 

"Сонымен қатар, өздеріңіз білесіздер Мемлекет басшысы "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Бүгінгі таңда Астанада екінші деңгейлі банктермен мақұлданған несиелердің жалпы сомасы 20,4 млрд. теңгені құрады, бұл 1400 отбасыны пәтермен қамтамасыз етті (874 отбасыға бюджеттен 13,1 млрд. теңге бөлінген). Бағдарлама қолжетімді бола түсуі үшін, біз жергілікті бюджеттен тұрғын үй сатып алуға әлеуметтік көмек ретінде білім беру, денсаулық сақтау және полиция қызметкерлеріне 1 миллион теңге көлемінде қаржы бөлеміз", - деді әкім. 

2018 жылы Астана әкімдігі үшжылдық бюджетті қалыптастыру шеңберінде бағдарламалық-нысаналы бюджеттеу қағидаттары негізінде жұмыс атқарды. Дәлірек айтқанда, бюджеттік шығыстардың негізгі бағыттары қаланың жалпы даму стратегиясына байланысты болады.

"Мемлекет басшысы қала дамуының жаңа үлгісін әзірлеуді тапсырды. Жаңа бюджеттік циклда алдын ала жоспарлау механизмі қарастырылған, мемлекеттік сатып алудың негізгі конкурстары қазірдің өзінде жариялануы тиіс. Сондықтан, әрбір әкімші мердігер барлық жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсетіп болғанша осы мәселені бақылауда ұстауы тиіс. Біз халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, қала бюджетін басқарудың тиімділігін арттыруды және бюджет шығыстарының нәтижелілігін негізге ала отырып объективті бағалау жүйесін қалыптастыруды көздеп отырмыз", - деді Сұлтанов.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, Астана әкімшілігі жергілікті бюджетке қосымша кірістер тартады, бұл өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

"2018 жылы біз бюджеттің өзін-өзі қамтуының рекордтық деңгейіне қол жеткіздік. Меншікті кірістер үлесі шығындардың жалпы көлеміндегі 63% жетті  (268 млрд. теңге 435,7 млрд. теңге) 2017 жылы 51%, (244,2 млрд. теңге 500,7 млрд. теңге)", - деді Бақыт Сұлтанов.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13848

Похожие новости