Астана әкімі көпбалалы аналарды марапаттады - Жаңалықтар | BNews

Астана әкімі көпбалалы аналарды марапаттады

07 наурыз, 16:42 1578 Астана
Астана әкімі көпбалалы аналарды марапаттады

Астана әкімі 12 көпбалалы ананы марапаттап гүл шоқтарын табыстады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің сайты.

Бүгін Астана қаласы әкімдігінде Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға 200 ден астам қыз-келіншек қатысты. Әсет Исекешев көктем мерекесімен құттықтап, еңбекте табыс тіледі. 

"Сіздердің мерекелеріңіз көктемгі шуақпен, адамзатқа жылылық әкелуде. Біздің ұлт қашанда ананы ардақтап, құрметтеген. Ана отбасының жылуы, ұйытқысы. Сіздер аналық парызбен қатар біздің қоғамның дамуына да елеулі үлес қосасыздар. Қымбатты аналар, қыздар, сіздердің кішіпейілділік, даналық, түсіністік пен қолдауларыңызға рахмет", ­­- деді әкім.

Сондай-ақ  Әсет Исекешев елімізде Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауының арқасында гендерлік саясатқа, ана мен баланы қорғауға басым көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. Кездесу соңында 10 көпбалалы ана - "Күміс Алқа", екі ана - "Алтын Алқамен" марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар