Астана әкімі өз саласының үздіктерін марапаттады

03 желтоқсан, 2018, 10:43 1702 Астана
Астана әкімі өз саласының үздіктерін марапаттады

Қаланың дамуына үлес қосқан астаналықтар ықыласқа бөленді. 

Астана әкімі Тұңғыш Президент күні мейрамын мерекелеу аясында өз саласында үздік атанған қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттады, деп хабарлайды BNews.kz  елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

"Бүгін Астанада қуатты зияткерлік ядро топтастырылған. Кез келген табысты мемлекеттің дамуы оның азаматтарының жеке қасиеттеріне байланысты. Астананың әр тұрғыны өзінше ерекше", - деді салтанатты кеште Бақыт Сұлтанов.

Қаланың дамуына зор үлес қосқан астаналықтар марапатталды. Үздік педагог № 32 "Балдәурен" балабақшасының әдіскері болып Салтанат Дүйсенбенова танылды. № 3 перинаталды орталықтың акушер-гинекологы Гүлшат Серікбаева – ең үздік медицина қызметкері, № 1 автопарк қызметкері Есім Сәттібек – үздік жүргізуші, "Астана – Тазалық" ЖШС бас директорының орынбасары Марат Сүлейменов – үздік коммуналдық қызметкер атанды.

Сонымен қатар, үздік энергетик болып "Астанаэнергосервис" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жұпархан Харханбай танылса, ІІД Арнайы дайындық басқармасының бастығы Серік Қажықұлов – полицияның үздік қызметкері, № 10 "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ өрт сөндіру қызметінің аға өрт сөндірушісі Сағидолла Бекентаев – үздік өрт сөндіруші, "Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы" ММ бөлімшесінің құтқарушысы Жалғас Данай – үздік құтқарушы, Гүлжан Сембаева  үздік әлеуметтік қызметкер атанды.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар