Астана әкімін тілшілермен бірге "өртенген" ОСО ішінен эвакуациялады

06 сәуір, 2018, 19:17 3150 Астана
Астана әкімін тілшілермен бірге

Бүгін MEGA Silk Way ОСО-да өртке қарсы оқу-жаттығулары өтті.

Сағат 11-де ойын-сауық орталығында төтенше дабыл берілді. Ғимарат ішіндегілерге эвакуациялық жол арқылы ғимаратты тастап шығуы жөнінде хабарланды.

ОСО  Өртке қарсы қызметтің бастығы Арман Сейдуалиев орталықта көшеге шығатын 31 есік барын, оның 24-і эвакуациялық шығу жолы мен 7 негізгі шығу жолы барын айтты, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

"Ғимараттан барлығы 8000-ға жуық адам шығарылды. Штаб бастығы эвакуация уақыты 4 минут 37 секундқа созылғанын баяндады. Нәтижеге көңіліміз толады", - деді сауда орталығының бас директоры Қанат Төребаев.

Іс-шараға Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қатысты. Ол қалалық нысандардың қауіпсіздік жүйесі тиісті бақылауда болу керектігін баса айтты.

"Астанадағы барлық базарлардың иесіне өртке қарсы оқу-жаттығу өткізу туралы тапсырма берілді. Қазір біз барлық сауда кешендерінің басшыларын жинауды жоспарлап отырмыз. Оған MEGA Silk Way-дегі сияқты қауіпсіздіктің қандай болу керектігін үлгі ретінде көрсетеміз. Балалар алаңы мен кинотеатр бірінші қабатта болуы керек. Барлық сауда ойын-сауық орталықтарында авариялық хабарландыру, эвакуациялық жолмен шығып кетуді көрсетіп тұратын белгілер, өрт қауіпсіздігіне дайындық бойынша команданың дайындығы болуы тиіс", - деді әкім.

Оқу-жаттығудың сценарийі бойынша алғашқы бес минутта бөлімшенің арсеналында тұрған HyundaiАЦ 2-40 өрт көлігі келіп жетті. Артынша бес минуттан кейін жақын маңдағы үш өрт бөлімшесінен өрт құрамы қосылды. 

"Сағат 11.00-де дабыл келіп түсті. Кестеге сәйкес Астана бойынша жақын маңайдағы үш өрт бөлімшесі осында бағыт алды. Барлығы 13 техника жұмылдырылды", - деді ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитетінің төрағасы Владимир Беккер.

Нысанның өртке қарсы қорғауын өзінің жеке бөлімшесі қамтамасыз етеді, онда 16 кәсіби өрт сөндіруші 4 ауысымда қызмет етеді, жұмыс жүйесін тәулік бойы бақылап отыратын 4 диспетчер бар. 

"Аталмыш сауда ойын-сауық орталығындағы кинотеатр, Happylon балалар алаңы бірінші қабатта орналасқан. Бұл өрт болған жағдайда ғимаратты тез тастап шығып кетуге ыңғайлы әрі қауіпсіз", - деді ОСО өрт қызметінің бастығы Арман Сейдалиев. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар