Астана әкімінің грантына ие болу реті белгілі болды - Жаңалықтар | BNews

Астана әкімінің грантына ие болу реті белгілі болды

11 тамыз, 15:01 3001 Астана
Астана әкімінің грантына ие болу реті белгілі болды

2018-2022 оқу жылдарына күндізгі бөлімде оқуға 1000 орын бөлінді.

Конкурстық комиссия қорытындысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырылатын 12 жоғары оқу орны анықталды, деп хабарлайды BNews.kz елордалық Білім басқармасына сілтеме жасап.

Осылайша, 2018-2022 оқу жылдарына күндізгі бөлімде оқуға 1000 орын бөлінді.

Білім беру грантын алу үшін барлық тілек білдірушілер 2018 жылғы тамыздың 11-15 аралығында тиісті жоғары оқу орнына құжаттарын (1-қосымшаға сәйкес) тапсыра алады.

"Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін азамат ЖОО-ның қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті, білімі туралы құжатты (түпнұсқа), ҰБТ немесе КТ сертификатын, 3x4 көлеміндегі екі фотосуретті, 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады", - делінген хабарламада.

Қабылдау аяқталған соң Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында грант иегерлерінің тізімі жарияланатын болады. Қосымша ақпаратты 55-68-57, 55-68-55, 55-68-53 және 55-68-73 телефондары арқылы білуге болады.

2018-2022 оқу жылдары жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мамандықтар бөлінісінде күндізгі бөлімде оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесімен мына жерден танысуға болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары