Астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошунның пара алғаны туралы күдік жоққа шығарылды

23 Января, 2019, 19:36 1796
Астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошунның пара алғаны туралы күдік жоққа шығарылды |  | BNews.kz

Бас прокуратурада тергеуге алынған тұлғалар пара беру және алу фактілерін жоққа шығарғанын атап өтті.

Бас прокуратураның депутат Азат Перуашевтің сауалына қатысты жарияланған жауабында Астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошунның пара алғаны туралы күдік жоққа шығарылғаны жазылған, деп хабарланды "Ақ жол" партиясының сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, Бас прокуратура Д. Ахмедьяровтың Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошунды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы өтінішін қарады.

"Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Д. Ахмедьяровтың арызы бойынша 2018 жылғы 19 мамырдан бері қалалық әкімнің орынбасары Сергей Хорошунға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 4-тармағына сәйкес, аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізгені анықталды. Арыз иесінің уәждеріне сәйкес ол 2014 пен 2015 жылдардың аралығында өзіне бағынышты Д. Кинсенбаев арқылы Сергей Хорошунның талабы бойынша Астана қаласы әкімдігінің қызметкері А. Алпысова арқылы (Хорошунның сенімді адамы) 500 мың АҚШ долларын берген, сондай-ақ "Зере" тұрғын үй кешенінде З. Рахимбаева мен Д. Сейдуалинге (Алпысованың туысқандары) 2 пәтерді рәсімдеген", - делінген хабарламада.

Алайда, жазбаша жауаптан мәлім болғандай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде көрсетілген уәждер расталмады.

"Жауап алынған Д. Кинсенбаев, А. Алпысова және Сергей Хорошун пара беру және алу фактілерін жоққа шығарды, ал басқа объективті дәлелдер тергеу барысында табылмады. Сондықтан 2018 жылғы 9 желтоқсанда істің өндірісі Сергей Хорошунның әрекетінде қылмыстың құрамы болмауына байланысты тоқтатылды", - деп хабарлады Бас прокуратурада.

Сондай-ақ, Бас прокуратурада атап өткендей, арыз иесіне жауап беріліп, қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда сотқа шағымдануға құқылы екендігі түсіндірілді.

Бұған дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошунның пара алу дерегіне қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13850

Похожие новости