"Astana Arlans" боксшылары Ресей командасынан 5:0 есебімен басым түсті - Жаңалықтар | BNews

"Astana Arlans" боксшылары Ресей командасынан 5:0 есебімен басым түсті

24 ақпан, 20:17 1371 Ақмола облысы

Жекпе-жек Щучья қаласында өтті.

Әлемдік бокс сериясының осы жолғы маусымында "Astana Arlans" командасының қарсыласы ресейлік "Patriot Boxing Team" болды. Жекпе-жек Щучья қаласында өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Жекпе-жекті бастаған Іліяс Сүлейменов (56 кг) Василий Веткинді 3:0 (49:46, 49:46, 49:46) есебімен жеңді, Ділмұрат Мәжітов (64 кг) Константин Богомазовтан 3:0 (50:45, 48:47, 49:46) есебімен айқын басым түсті, Нұрбол Алтаев (91 кг) Ровшан Ягубзадеден жеңіліп қала жаздағанмен, бар күшін сала отырып, 2:1 (46:49, 28:47, 49:46) есеп көрсеткішімен алға шықты, Әбілхан Аманқұл (75 кг) Расул Алиевті барлық раундта жеңді — 3:0 (48:47, 50:45, 50:45), ал Теміртас Жүсіпов (45 кг) Борис Сидоровты 3:0 (50:43, 50:43, 50:42) есебімен артта қалдырды. Жалпы ойын нәтижесі — 5:0.

Енді келесі кезекте 9 наурызда "Astana Arlans" командасы "Patriot Boxing Team" боксшыларымен Ресейде кездеседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары