"Астана аруы-2018" финалының қатысушылары ерекше күнтізбенің сәнін келтірді

21 Декабря, 2018, 14:42 2932
"Астана аруы-2018" финалының қатысушылары ерекше күнтізбенің сәнін келтірді |  | BNews.kz

Күнтізбеде Астананың көрікті жерлері мен байқау қатысушыларының суреттері бейнеленген.

"Астана аруы" байқауы өзінің 20 жылдық мерейтойына орай байқаудың финалына шыққан 20 арудың суреті жарияланған таныстырылым күнтізбесін шығармақшы.Күнтізбенің мұқабасында "Астана аруы-2018" мерейтойлы байқауының жеңімпазы Еркеназ Сейфулла бейнеленген, деп хабарлады "Қазақстан аруы" Ұлттық сұлулық байқауы" қоғамдық қорының баспасөз қызметі. 

Жаңа "Астана аруы" Еркеназ Сейфулла 2017 жылы дарынды балаларға арналған "Зерде" мектебін тәмамдаған.

Қазақ технология және бизнес университетінде білім алып жатыр, болашақ дизайнер ретінде өзінің киім-кешек желісін құруды армандайды.

"Астана аруы" байқауын өткізіп жатқан кезде сұлуымыз сұранып, өзінің қала әкімдігіндегі жобасын қорғау үшін "Жастар Синергиясы" лагерінің әлеуметтік ұйымдарына барып келген болатын.

Еркеназдың айтуынша, "Бастамашыл жастар" жобасының негізгі идеясы – жастарды қолында дипломы бар маманға ғана емес, әртүрлі салада тәжірибесі бар, жан-жақты дамыған адамға айналдыру екен.

Байқау жеңімпазы көп балалы отбасында өскен. Оның анасы Жібек ҚР көп балалы аналарға арналған "Алтын алқа" марапатының иегері.

"Менің отбасым үлкен, анам бірде-біреуімізді назарсыз қалдырмайды, бізге дұрыс тәрбие беру үшін аянбай еңбектенеді. Мен ата-анамның үмітін ақтауға тырысамын, өйткені сол кісілердің арқасында біз молшылықта өсіп, үздік болуға ұмтылып келеміз. Отбасыма деген алғысым шексіз, отбасымның махаббаты мен қолдауы болмаса, мұндай жетістікке қол жеткізе алмас едім", - деп бөлісті Еркеназ.

Қоғамдық қордың мәліметінше, Астананың ару қыздарына фотосессия жасаған жылтыр басылымдардың атақты Fashion-фотосуретшісі Марета Келигова. Оның туындылары өз ісінің хас шебері әйгілі Максим Золотухиннің туындыларымен үйлесім тапқан. Астананың көрікті жерлерін көздің жауын алатындай етіп түсірген оның суреттері жобаға сән берді.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13849

Похожие новости