"Астана аруы-2018" финалистері "Сұлулық пен мейірімділік" акциясына қатысты

06 желтоқсан, 2018, 11:26 3193 Астана

Жыл сайын "Астана аруы" және "Қазақстан аруы" байқауларында финалға шыққан сұлулар еркін ерік елшілері болып, қайырымдылық науқандарына қатысады.

Финалға дайындықтың алғашқы күндері "Астана аруы" байқауына қатысушылар "Шарапат" медицина-әлеуметтік мекемесі КММ тұратын ардагерлер мен қарт адамдарға барып, қал-жағдайларын сұрады, деп хабарлады байқау ұйымдастырушыларының баспасөз қызметі.

Тұңғыш Президент күніне орай, оларға арналған қайырымдылық концерті өткізілді. Ән салып, би билеген жас әртістер шығармашылық нөмірлерін дайындаған екен. Ал "Астана аруы" байқауының қатысушылары ардагерлерге 5 плазмалық теледидарды тарту етті. Сонымен қатар, қатысушылар қарт адамдармен әңгіме-дүкен құрып, баталарын алды.

Астана қаласы әкімдігінің "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ директоры Кенжеболат Бапышев арулар елімізде өмір сүріп жатқан ұрпақтың бойындағы рухты жалғастырулары керек деген пікір білдірді.

"Бүгін бізді Қазақстанның болашағы кішкентай бүлдіршіндер мен жастарымыз құттықтауға келді. Тұңғыш Президент күні сияқты маңызды саяси мереке қарсаңында олар осы мемлекетте өмір сүріп жатқан ұрпақтың бойындағы рухты жалғастырулары керек деген пікірдемін. Сондықтан қонақтарға өте ризамыз", - деді Кенжеболат Бапышев. 

Содан кейін сұлулар бірден Астана қаласындағы арнайы түзету мектеп-интернатына жол тартты. Астанадағы бірден-бір болып табылатын бұл мектепте білім алу барысында ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар оқиды.

Арулар мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерімен танысты, олармен әңгімелесті, биледі, сыйлықтарын сыйлады. Балалар бойындағы дарындарын паш етуге асықты. Олар ән салып, аспаптарымен ойнады, би биледі, қолдан жасаған бұйымдарын көрсетті.

"Астана аруы" байқауының финалға шыққан ең жас арулары – 16 жастағы Карина Қожағұлова мен Жанель Ташеваға балалар өз қолдарымен жасаған кәдесыйларын тарту етті. Қыздар балаларға, мектеп-интернаттың бүкіл ұжымына және жылы шыраймен қарсы алғаны үшін мекеменің директоры Бахриден Каримжановқа шын жүректен алғыстарын білдірді.

12 желтоқсан күні Астанада қыстың ең керемет байқауы "Астана аруы-2018" өткізіледі, ол астанамыздың 20 жылдық мерейтойына арналмақ. Nomad City Hall сахнасында қатысушылар астананың ең сұлу аруы деген атақ үшін бақ сынасады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар