Астана "Атамекен" этномемориалдық кешеніне "Рухани жаңғыру" аясында абаттандырылды

13 ақпан, 2018, 11:31 2038 Астана
Астана

"Атамекен" Қазақстан картасы" этномемориалдық кешені аумағын абаттандыру жұмыстары өткен жылдың сәуірі мен маусымы аралығында жүргізілген.

Қазақстан картасының көшірмесі болып табылатын бірегей этномемориалдық "Атамекен" кешені биыл 17 жылын атап өтеді. Өткен жылы кешен аумағында абаттандыру шаралары жүргізілді, деп хабарлайды BNews.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Атамекен" Қазақстан картасы" этномемориалдық кешені аумағын абаттандыру жұмыстары өткен жылдың сәуірі мен маусымы аралығында жүргізілген болатын. Сатып алулар конкурсының қорытындыларына сәйкес, абаттандыру жұмыстарын жүргізу жөніндегі келісім "Ассар" ЖШС-мен жасалды.

ЖСҚ-ға сәйкес, кешен аумағындағы кеспе тастар, жиектастар, асфальт жабындысы, жаяужол плиталары, суару жүйесі, сондай-ақ, бейне-бақылау жүйесі ауыстырылды.

"Нысанның сырқты алаңы жарықтандырылып, кешен аумағының бір бөлігі көгалдандырылды. Сонымен қатар, нысанда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандустар орнатылып, оның кіру қақпасы мен кешеннің периметрі бойынша орнатылған қоршаулар реставрацияланды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, "Атамекен" Қазақстан картасы" 2001 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған болатын. Тұран даңғылындағы Астана орталық саябағында орналасқан этномемориалдық кешен еліміздің географиялық картасының көшірмесі болып табылады. Ауданы екі гектардай алаңда еліміздің 14 облысы мен ірі қалаларының шағын миниатюрасы ұсынылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар