Астана аудандарының жаңа шекаралары анықталды - Жаңалықтар | BNews

Астана аудандарының жаңа шекаралары анықталды

19 ақпан, 18:01 826 Астана
Астана аудандарының жаңа шекаралары анықталды

Елорданың жаңа ауданына қандай атау берілетіні осыған дейін талқыланған болатын.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің "Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының аудандарының шекарасын белгілеу туралы" Қаулысының жобасы 17 ақпанда "Астана ақшамы" газетінде жарияланды, деп хабарлады Елорда инфо. 

Үкімет Қаулысының жобасы 2007 жылғы 21 шілдедегі ҚР Заңының 5-бабына сәйкес ҚР Президентінің "Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы" 2017 жылғы 6 ақпандағы №418 Жарлығы негізінде, Қазақстан Республикасының Үкіметімен Астана қаласы аудандарының шекаралары Астана қаласы аудандарының схемалық картасына және аудандар шекараларының сипаттамасына сәйкес құрылғаны туралы хабарланған.

 Аудандардың шекараларының сипаттамасы:  
"Алматы" ауданы: ауданның солтүстік шекарасы Ақбұлақ өзені бойымен, одан әрі 101 көшемен (жобалық атау), одан әрі Пушкин көшесінің (A-344) шығыс бөлігімен, одан әрі Ақбұлақ көшесімен жалғасады; шығыс бөлігі қаланың бүгінгі шекарасымен сәйкес келеді; оңтүстік шекарасы Есіл өзені бойымен есептеледі; батыс шекарасы Есіл өзенімен, одан әрі Ақбұлақ өзені бойымен шектеседі;

"Сарыарқа" ауданы: ауданның солтүстік шекарасы темір жол бойымен есептеледі; шығыс шекарасы Бөгенбай батыр даңғылы бойымен, одан әрі Республика даңғылы бойымен шектеседі; оңтүстік шекарасы Есіл өзенімен есептеледі; батыс шекарасы қаланың бүгінгі шекарасымен сәйкес келеді;

"Есіл" ауданы: ауданның солтүстік шекарасы Есіл өзені бойымен есептеледі; оңтүстік-шығыс, оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігі қаланың бүгінгі шекарасымен сәйкес келеді, аудан шекарасына Майбалық көлі (7300 га) және Ұлттық пантеон (959 га) кіреді;

Жаңа әкімшілік аудан: ауданның солтүстік шекарасы қаланың бүгінгі шекарасымен сәйкес келеді; шығыс шекарасы Ақбұлақ өзенімен бойлай отырып, одан әрі 101 көшемен, одан әрі Пушкин көшесінің шығыс бөлігімен (А-344), одан әрі Ақбұлақ өзенімен жалғасады; оңтүстік шекарасы Есіл өзені бойымен, одан әрі Республика даңғылынан Бөгенбай батыр даңғылына дейін; одан әрі Бөгенбай батыр даңғылынан темір жолға дейін; одан әрі темір жол бойымен Астана қаласының бүгінгі шекарасына дейін жалғасады; батыс шекарасы қаланың бүгінгі шекарасымен сәйкес келеді, қала шекарасына қалалық зират кіреді (460 га).

Сондай-ақ, "Астана ақшамы" газетінде Астана қаласының мәслихаты бірлескен шешімі мен Астана қаласы әкімдігі Қаулысының "Астана қаласындағы аудандардың шекаралары туралы" Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 18 тамыздағы №134/21-IV бірлескен шешімі мен Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 22 тамыздағы №66 Қаулысының күшін жойғандығын мойындау туралы жобасы жарияланды. 

Айта кетейік, Астана қалалық мәслихатының депутаттары қоғамдық тыңдауда Астана қаласының жаңа ауданының атауын "Байқоңыр" деп атау туралы ұсынысты қолдап, дауыс берді. Алайда, төртінші ауданның атауына қатысты соңғы шешім әлі қабылданған жоқ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары