Астана әуежайы ауа райына байланысты жабылды - Жаңалықтар | BNews

Астана әуежайы ауа райына байланысты жабылды

11 қаңтар, 10:47 1645 Астана
Астана әуежайы ауа райына байланысты жабылды

Астанадан ұшатын жолаушыларға ақпарат орталығынан хабар алып отыруға кеңес береді, деп хабарлайды BNews.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті өзінің Facebook-тегі парақшасында ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана халықаралық әуежайы жабылғанын хабарлады.

 «Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қолайсыз ауа райына байланысты алдын-ала болжам бойынша, күндізгі сағат 13.00-ге дейін жабылады. Жолаушыларға өз рейстері бойынша ақпаратты әуекомпанияларының анықтама орталықтарынан алдын-ала хабарласып біліп отыруға кеңес беріледі», - делінген хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары