Астана әуежайын су басу қаупі бар – ҚР ІІМ - Жаңалықтар | BNews

Астана әуежайын су басу қаупі бар – ҚР ІІМ

01 наурыз, 2018, 13:11 1674 Астана
Астана әуежайын су басу қаупі бар – ҚР ІІМ

Елорда әуежайының Майбалық өзеніндегі аумағы су астында қалуы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлады Baq.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісте "Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою" тақырыбында өтіп жатқан дөңгелек үстелде Юрий Ильин елімізде су тасқынымен күрес қалай жүргізіліп жатқанын баяндады. Ол атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, шешілмеген мәселелер бар екенін жасырмады.

"Астана әуежайының Майбалық өзеніндегі аумағы су астында қалуы мүмкін. Бұл аумақтан суды бұру үшін тиісті нысанды салу қажет", - деді вице-министр.

Сонымен қатар, Юрий Ильин Қазақстан бойынша қараусыз қалған 46-ға жуық гидротехникалық нысандардың мәселесі шешіліп жатқанын атап өтті. Бұл нысандардың басым бөлігі Алматы және Маңғыстау облысында орналасыпты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар