Астана әуежайында жарияланбаған ақшамен Қырғызстан азаматы ұсталды - Жаңалықтар | BNews

Астана әуежайында жарияланбаған ақшамен Қырғызстан азаматы ұсталды

26 ақпан, 11:47 580 Астана
Астана әуежайында жарияланбаған ақшамен Қырғызстан азаматы ұсталды

Қырғызстан азаматы Ыстамбұлға ұшып кетпекші болған.

Қырғызстан азаматы Түркияға жарияланбаған ақшамен ұшып кетпекші болған, деп хабарлайды BNews.kz ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана" халықаралық әуежайындағы тексеру бекетінде шекарашылар жасағы Астана-Ыстамбұл бағытындағы рейстен 27000 доллар көлеміндегі жарияланбаған ақшасы бар 30 жасар Қырғызстан азаматын ұстады", - деп хабарлады ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

Осы оқиға бойынша тиісті құқық қорғау органдары хабарландырылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары