Астана әуежайының 600-ден астам қызметкеріне қосымша ақы төленді

15 қараша, 2018, 17:45 2959 Астана
Астана әуежайының 600-ден астам қызметкеріне қосымша ақы төленді

Қызметкерлерге қосымша ақы демалыс күндері істеген жұмысы үшін төленді.

Астана қаласы Әуе көлік прокуратурасы астаналық әуежайдың жұмысшыларына 3 млн теңгеден астам еңбекақысының тиісті бөлігін төлетті, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Прокуратура "Халықаралық Астана әуежайы" АҚ-мен жыл басынан бастап жұмысшылардың демалыс күндері үшін еңбекақысын жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізінде бір жарым есе төлегендігін анықтады. Бұл Акционерлік қоғамның Еңбек ақы төлеу ережесіне қайшы келген, ол бойынша демалыс күндерінде жұмысы үшін екі есе көлемде тариф қарастырылған", - делінген хабарламада.

Қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша 600 астам жұмысшыға 3 млн теңгеден астам көлемде еңбекақысы бойынша қарыздары төленді.

"Еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін заңды тұлға әкімшілік, екі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп атап өтті баспасөз қызметінде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар