Астана халықаралық қаржы орталығының тұсаукесері елорданың 20 жылдығына орайластырылады - Жаңалықтар | BNews

Астана халықаралық қаржы орталығының тұсаукесері елорданың 20 жылдығына орайластырылады

31 қаңтар, 18:10 1973 Астана
Астана халықаралық қаржы орталығының тұсаукесері елорданың 20 жылдығына орайластырылады

Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz PrimeMinister.kz-ке сілтеме жасап.

Қаржылық ұйым басшысының сөзінше, 20 жыл ішінде Астана Қазақстанның ірі экономикалық даму драйверіне, инвестициялар салу және саяси орталығына айналып үлгерген.  

"Астанаға 1996 жылдың желтоқсан айында келдік, ал 1997 жылдың 5 шілдесінде Қазақстан Республикасының жаңа бас қаласын таныстыру рәсімі ретінде халықаралық презентациясы болды. Бұл даталарды айтып отырған себебім, шын мәнінде, ол кездері Астананың соншалық жылдам дамитынына, тарихи тұрғыдан алғанда, қас-қағым сәтте саяси орталыққа, адамдардың тұрмыс жағдайы үшін қолайлы қалаға айналатынына күмәніміз болды. Ал қазір бір буын - біздің балаларымыз осы Астанада дүниеге келді. Біз бүгін шартарапқа танылған шаһарымызды мақтан етеміз", - деді Қ. Келімбетов.

"Өткен жылдың желтоқсан айында әзір болсақ та, жұмысымызды биылғы жылдың 1 қаңтардан бастауымыздың өзіндік мәні бар", - деген сала басшысы АХҚО мүмкіндіктері Астана Finance Days үш күндік конференциясы аясында әлемдік инвестициялық қаржылық элитаның назарына ұсынылатынын айтты.

Сондай-ақ Астананың мерейлі датасын атап өту кезінде Исламдық қаржыландыру, блокчейн технологиялары мен цифрлық технологияларды дамыту, АХҚО-ын инфрақұрылым саласында инвестициялар тарту орталығы ретінде өркендету аясында ірі экономикалық форумдар өтеді деп жоспарланған. 

"5 шілде күні Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп инагурация рәсімін өткіземіз, оған әлемдік инвесторлар шақырылды", - деп нақтылады Қ. Келімбетов.   

ҚР Үкімет мен Астана қаласының әкімдігінің алдында Астана қаласын жаһандық "ақылды" қалалар тізіміне енгізу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау міндеті тұр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары