Astana Hub бизнесті дамыту бойынша қарқынды бағдарламаға ІТ-стартаптарды шақырады

Написать нам
22 маусым, 2018, 18:50 3825 Астана
Astana Hub бизнесті дамыту бойынша қарқынды бағдарламаға ІТ-стартаптарды шақырады

Әрбір жобаға жеке сарапшы және гипотезаларды қалыптастыруға, әрекеттер жоспарын дайындауға және нәтижеге назар аударуға көмектесетін тәлімгер-трекер бекітіледі.

Astana Hub  халықаралық IT-стартаптар технопаркі акселераттаудың екінші бағдарламасынан өтуге стартап-командалардан өтінімдер қабылдауда. Қатысушылар Экспо аумағында тегін жұмыс кеңістігін, стартап диагностика, бизнес-үдерістерді баптауды, инвестициялар мен жобаның дамуын жеделдетуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды BNews.kz.

Акселератор - стартаптарды дамытудың қарқынды бағдарламасы, командалар ол арқылы клиенттер, серіктестер және инвесторлар үшін тиімді және ауқымды бизнес құрады.

Astana Hub даму үшін трекинг, білім беру және консалтинг, қауымдастық және нетворкинг, стартаптар аукционы, PR, сондай-ақ корпорацияларға және мемлекеттік органдарға шығу сияқты құралдар ұсынады.

Акселераттау бағдарламасының басында сарапшылар бизнес-идеяның өміршеңдігі және басқа да қажетті өлшемдері бойынша сараптама жасайды. Диагностика нәтижелеріне сүйене отырып, әрбір жобаға арналған мақсат анықталады, дамудың жол картасы және инвестицияларды тартуға дайындық жоспары жасалады.

Әрбір жобаға жеке сарапшы және гипотезаларды қалыптастыруға, әрекеттер жоспарын дайындауға және нәтижеге назар аударуға көмектесетін тәлімгер-трекер бекітіледі.

Сонымен қатар акселератор шеңберінде стартаптар аукционын өткізу жоспарланып отыр. Аукцион өткізу барысында жоба қолайлы шарттар бойынша болжамды инвестиция сомасын тарта алады.

Astana Hub акселераторына үш ай қатысу ішінде жобаның дамуы, бағдарламадан тыс бір жылдық жұмысқа тең болады.

Акселератор келесілер үшін қолайлы:

● 100 000$-дан бастап 1 000 000$-ға дейінгі инвестицияларды қажет ететін стартаптар;

● инвестицияларды қажет етпейтін, бірақ көрсеткіштерін 5-10 есе арттырғысы келетін стартаптар;

● стартаптарға инвестициялаған, алайда команданың тиімді дамуы үшін білімі, тәжірибесі мен құзыреті жетіспейтінін түсінетін инвесторлар.

Акселераттау бағдарламасына қатысу үшін келесілер қажет:

● MVP және MVO сатысындағы ауқымды өнімнің болуы;

● Нысаналы нарықтың жалпы көлемі жылына 100 млн. АҚШ долларынан кем болмауы;

● командада кемінде 2 негізгі қатысушының болуы (бірлескен құрылтайшылар);

● СЕО-ның жобаға толық тартылуы (қосымша және қатарлас қызметсіз).

Акселераттау бағдарламасына қатысу өтінімдері 2018 жылғы 23 маусымға дейін accelerator.astanahub.com сайтында қабылданады. Акселераттау бағдарламасы 2018 жылғы 9 шілдеде басталады.

Ағымдағы жылдың ақпанында Astana Hub технопаркінің базасында акселераттаудың #garage алғашқы бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама қорытындысы бойынша үш айлық акселераттау ішінде сатылымды ұлғайтқан, алғашқы инвестициялар тартқан және өзінің бизнес-моделін жаңа даму деңгейіне көтерген 10 қазақстандық IT-стартап шығарылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар