Astana Hub стартаптары Беларусь елінде өтіп жатқан халықаралық форумға қатысуда - Жаңалықтар | BNews

Astana Hub стартаптары Беларусь елінде өтіп жатқан халықаралық форумға қатысуда

16 мамыр, 20:09 3549
Astana Hub стартаптары Беларусь елінде өтіп жатқан халықаралық форумға қатысуда

"ТИБО-2018" форумы ақпараттық технологиялар саласындағы жаңа жетістіктер мен озық тәжірибені бөлісуге арналған алаңша болып саналады.

14 мамырда, Беларусь Республикасының Минск қаласында XXV "ТИБО-2018" халықаралық АКТ форумы басталды. Аталған форум, ақпараттық технологиялар саласындағы жаңа жетістіктер мен озық тәжірибені бөлісуге арналған алаңша болып саналады, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық ұйымдармен және басқа елдердің АТ-қоғамдастығымен әріптестік қарым-қатынас орнату, сондай-ақ шетелдік резиденттерді, әріптестерді және инвесторларды тарту мақсатында, Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі форумға басқа ІТ-компаниялармен бірдей қатысу үшін өз резиденттерін жіберді. Қазақстанның 128 шаршы метрлік бөлек стендінде технопарктің  5 стартапы ұсынылды.

Іс-шараның ресми ашылуы барысында, Astana Hub резиденттері Insight стартап-акселераторына барып, Белоруссияның стартап-экожүйесін қалыптастыру жөніндегі тәжірибесімен бөліскен TDIgroup СЕО Сергей Дробышевскиймен әңгімелесті. Белоруссиялық акселератордың өкілдері де Astana Hub қызметімен және акселерация бағдарламасының бірінші ағынындағы жобалармен танысып шықты.

Бұдан бөлек, Қазақстан делегациясының өкілдері startup hub Imaguru.by тарапынан ұйымдастырылған Belarus Startup Ecosystem Builders іс-шарасына барды. Минск стартап-экожүйесінің барлық ойыншыларын біріктірген бұл алаңшада ұсынылған Қазақстанның жобалары Белоруссияның венчурлық қор өкілдерінің, инвесторларының ерекше қызығушылығын тудырды. Қазақстанның жаңа бастаушы АТ-кәсіпкерлері тәжірибе алмасу және болашақта бірлескен технологиялық жобаларды іске асыру үшін пайдалы қарым-қатынас орнату мүмкіндігіне ие болды.

Astana Hub технопаркі 2018 жылдың ішінде Road Show арнайы жобасының шеңберінде бірнеше халықаралық АТ-форумдар мен конференцияларға қатыспақ – осылайша, технопарк резиденттері халықаралық әріптестік байланыс орнату, шетелдік инвесторларды тарту, халықаралық АТ-қоғамдастықтың Astana Hub технопаркінің қызметі туралы хабардарлық деңгейін көтеру және стартаптарды сыртқы нарықтарға шығарып, масштабтау және Қазақстанда АТ-нарыты дәріптеу мүмкіндігіне ие болады.

"Минск қаласындағы "ТИБО" сияқты халықаралық күн тәртібі белгіленген АТ-форумдарға қатысу – жаңа бастаушы кәсіпкерлер үшін де, осы саланың аса тәжірибелі өкілдері үшін де дұрыс инвестиция. Бүгінгі таңда, Astana Hub технопаркінің 5 стартап-командасы дәл осы жерде, ТМД ауқымындағы ең танымал форумдардың бірінде ұсынылған. Astana Hub технопаркі өз резиденттерінің бизнесін дамыту үшін жайлы техникалық жағдай жасаумен ғана шеттеп қалмай, бизнес-байланыстарды, халықаралық қатынастарды нығайтуға және инвесторларды тартуға да қолғабыс етеді. Сондықтан да, осы бағытты іске асыру үшін Road Show арнайы жобасы әзірленген болатын. Мысалы, "ТИБО – 2018" іс-шарасына әлемнің 15 түрлі елінің өкілдері – 100-дан астам компания қатысады, олардың арасында еуразиялық өңірге бағдарланған қызметпен айналысатын инвесторлар да бар. "ТИБО" форумының алаңшасы ұсынатын осы ресурстар мен құралдар халықаралық іскерлік коммуникацияларды орнату үшін өте пайдалы болады" - деп мәлімдеді "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі төрағасының орынбасары және "ТИБО – 2018" форумындағы қазақстандық делегацияның өкілі Павел Коктышев.

"ТИБО" форумына қатысу – ең алдымен, тәжірибе жинау және шетелдік нарықты зерттеу мүмкіндігі болып табылады.

"Форумға қатысудың арқасында, халықаралық алаңшада сенімді болуымыз үшін мол тәжірибе жинақтау мүмкіндігіне ие болық. Қазірдің өзінде бірнеше іс-шараға қатыстық, соның ішінде венчурлық компаниялармен де кездестік, жерігілікті инкубаторлар мен акселераторларға барып келдік – осылайша, олардың жұмысының қалай жүргізілетінін түсіндік, әлеуетті әріптестермен тәжірибе алмастық және байланыс орнаттық. Жалпы, осының барлығын бақылай келе, қазақстандық стартаптардың даму деңгейін ауыз толтырып айтарлық деуге болады – командаларымыздың көбісі ТМД аумағындағы көршілес елдердің мәлімдеген жобаларына дес бермейді – қазір халықаралық нарықтың бағыттарын зерттей келе, бәсекеге қабілетті бола алатынымызды түсінеміз" - деп өз ойымен бөлісті “Game of Drones” стартап-жобасының негізін қалаушы, Абылайхан Жаканов.

2018 жылғы форумның тақырыбы – телекоммуникациялық және желілік инфрақұрылым, телевизиялық, мультимедиалық технологиялар және ойын технологиялары, интернет технологиялары және қызметтер, робот техникасы, "Ақылды қала" және "Ақылды үй" технологиялары және басқалар болды. Экспозиция қоғам мен мамандардың назарын заманға сай әлемдік трендтерді қолдану арқылы экономиканы цифрлық түрлендіру үдерістеріне аударуға бағытталған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары