Astana Hub стартаптары Минскдегі алғашқы халықаралық инвесторларды қызықтырды

Написать нам
21 мамыр, 2018, 17:28 4093
Astana Hub стартаптары Минскдегі алғашқы халықаралық инвесторларды қызықтырды

"ТИБО-2018" халықаралық АКТ форумында ақпараттық технологиялар саласындағы жаңа жетістіктермен және алдыңғы қатарлы тәжірибелерімен бөліседі.

Қазақстанның инновациялық экожүйесінің өкілдері Беларусияның инновациялық қызметінің негізгі өкілдерімен бірігіп қызмет ету мүмкіндіктерін талқылап, халықаралық іскерлік және әріптестік байланыстар орнатты, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазақстандық делегацияның құрамында Astana Hub халықаралық технопаркінің стартап-жобасының 5 өкілі, атап айтқанда: Jaybox – мобильдік проекциялық компьютер, Eventum.one  - билеттерді сатуды автоматтандыру бойынша бұлттық шешімдер және event- индустриясы саласындағы маркетинг,  Game of Drones - дрондарды басқарудың онлайн ойындары, Смарт жанармай бекеті - клиенттерге жанармайды өз көлігінен шықпай-ақ,  арзан құюға көмектесетін мобильдік қосымша және AI Labs - виртуалды құрылған ассисенті бар омниканалды байланыс-орталығы болды. Көрме барысында командалар өз жобаларын қорғады және әлуетті клиенттермен, әріптестермен және инвесторлармен іскер коммуникациялар орнатты. Көптеген стартаптардың үшін бұл жоба презентациясын халықаралық аумақта  қорғаудың алғашқы тәжірибесі болды.

Стартаптар халықаралық деңгейдегі форумға қатысудың пайдасы бизнес-байланыстар орнату болып табылады.

"Форумнан алатын ең үлкен пайда - бұл нетворкинг, біз тәжірибелі әзірлеушілермен, бағдарламашылармен тілдестік, бұл жерде нарық қалай жұмыс істейтінін көрдік, сараптама алдық, өйткені біз бұрын тек Қазақстан нарығындағы жүйені жоспарладық, өңдедік, ал қазір халықаралық нарықта да көп нәрсе түсінеміз", - деді Eventum.one жобасының өкілі Әлішер Өмірбаев. 

Сонымен қатар, "ТИБО – 2018" көрмесінің шеңберінде Беларус-Қазақстан ІТ-форумы өтті, мұнда  Ақпарат және коммуникация вице-министрі Дарын Туяков, Ақпараттандыру департаменті басқармасының басшысы Арайлым Мусаева және "ҰАХ "Зерде" АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары Павел Коктышев сөз сөйледі. Форм барысында Astana Hub технопаркінің қызметі көрсетіліп,  технопарк шеңберінде халықаралық ынтымақтастық шарттары айтылды.

"ТИБО-ға" Қазақстанның экспозициясына Беларус Республикасының өкілдері қатысты: Беларус Республикасының Минск қалалық атқарушы комитетінің өкілі Андрей Шорец, Беларус Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің мемлекеттік хатшысы Станислав Зась, сонымен қатар мемлекеттің премьер-министрі Андрей Кобяков қатысты.

"ТИБО" форумының коммуникация алаңынан басқа қазақстандық делегация Минск қаласында  17 және 18 мамырда өткен "Emerge – 2018" кеңауқымды технологиялық конференциясына қатысты. Сессиялардың бірінде  "Зерде" ҰАХ"  АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары Павел Коктышев Astana Hub технопаркіні  жайында сөз сөйледі.  Конференцияның 20-ға жуық қатысушыларының сөздерінің соңында стартап-жобалардың және әр түрлі қорлардың өкілдері технопарк қызметіне жеке қызығушылық танытып, қосымша сұрақтар қойды. Қызығушылық танытқан барлық тараптармен әр түрлі бағыттар бойынша келешегі бар серіктестік байланыс орнатылды.

"Astana Hub технопаркінің қызметін Минскіде бірнеше халықаралық ІТ-аумақтарда көрсеттік және мұнда біздің жобаларға деген қызығушылықты байқадық. Кейбір қазақстандық жорбаларың Беларусияда ауқымын кеңейту қазірдің өзінде жоспарланып отыр – мұнда қаржыландыру бойынша нақты ұсысынтарымен  инверсторлардың қызығушылықтары, технологиялық ресурстар түрінде жақсы әлеует және жобалардың ауқымын кеңейтуге беларустық әріптестердің екіжақты қызығулышығы бар. Минскідегі венчурлық экожүйе Қазақстандағы сияқты белсенді даму үстінде, және біздің қазіргі мақсатымыз компаниялдармен өзара алмасу және сыртқы нарыққа шығу үшін серіктестік құру", - деді Коктышев.

Жалпы алғанда,  "ТИБО-2018"  мерейтойлық көрмесіне келушілер мен қатысушылар Қазақстан павильонына және онда көрсетілген жобаларға қызығушылықтарын білдірді. Атап айтқанда,  JayBox- кішкентай проекциялық компьютері жобасының бизнес-моделі үлкен қызғушылық тудырды. Беларустың ІТ-аумақтарын қатысу кезінде команда жобаның беларустік әлуетті инвесторымен қайта кездесу өткізді және венчурлық қаржыландырудың жаңа ойыншыларымен танысты. Екі компанияның өкілдері стартапты инвестициялауға және дамытуға дайын екендерін жеткізді.  

"Біз жергілікті АТ-компанияларымен және жергілікті венчурлық инвесторлармен сөйлестік – нарықты түсіндік, байланыс орнаттық. Жарқын болашақта осы байланыстардан нақты нәрсе шығуы мүмкін.  Қазір жобаға инвнстиция салатын Беларусия, Англия компанияларының өкілдері бар – қазіргі таңда серіктестік сұрағы келіссөз  жүргізу кезеңінде. Минскідегі алаң бізге қызықты, мұнда ІТ-мамандардың өте жақсы нарығы бар, біз осында ауқымымызды кеңейтуді қарастырып жатырмыз. Жалпы, халықаралық платформада өзара байланыс жасаудың осы тәжірибесі барлығын өз орнына қойып, жобаны дамытудың әрі қарай жасалатын әрекетті түсіндіріп берді", - деді JayBox жобасының негізін қалаушылардың бірі Елубай Кабдылманатов.

Сонымен қоса, Минскідегі технологиялық алаңға қатысу кезінде қазақстандық делегациялар Беларустің инновациялық экожүйесінің негзгі өкілдерімен бірнеше әр түрлі кездесулер өткізді. Жоғары технологиялар паркіне барып, экскурсияға қатысты, мұнда қазақстандық компаниялар стартаптардың жергілікті акселераттау және инкубация үрдісімен танысты, тәжірибе алды және беларусиялық компаниялармен тәжірибе алмасты.  

2018 жыл бойы Astana Hub технопаркі Road Show арнайы жобасының шеңберінде бірнеше ІТ-форумдар мен конференцияларға бару жоспарлап отыр – осылайша технопарк резидентіне халықаралық әріптестік байланыстар қалыптастыруға,  Astana Hub технопаркінің қызметі туралы халықаралық АТ-қоғамдастығын хабардар етуді жоғарлатуға, шетелдік инвесторларды тартуға, Қазақстандағы АТ-нарығын кеңейту және танымал ету мақсатында сыртқы нарыққа стартапты жылжытуға көп мүмкіндіктер туады.

Халықаралық конференциялар мен көрмелерге қатысудың мақсаты  – іскер байланыстарды қалыптастыру, халықаралық деңгейдегі инвесторлар мен әріптестерді тарту.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар