Астана қалалық Құрылыс басқармасының басшысы қаза тапты - Жаңалықтар | BNews

Астана қалалық Құрылыс басқармасының басшысы қаза тапты

Написать нам
03 қаңтар, 2018, 12:48 1005 Астана
Астана қалалық Құрылыс басқармасының басшысы қаза тапты

Талғат Тастыбайұлы 52 жасында бүгін түнде өмірден озды, деп хабарлайды BNews.kz.

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі елордалық құрылыс басқармасының басшысы Талғат Рысбековтің қаңтардың 2-сінен 3-не қараған түні қайтыс болғанын растады.

Өмірден озған Талғат Тастыбайұлы 1966 жылы 19 мамырда дүниеге келген. Ол 1990 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, 2000 жылы Д.Қонаев атындағы университетті бітірген.

Ол әр жылдары «ҚР Бас прокуратурасы қорғаныс және қауіпсіздік бөлімі қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының» бас маманы, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы күрделі құрылыс бөлімінің бастығы, «Астана қалалық құрылыс басқармасы» МБ бастығының орынбасары, Астана қалалық тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2015 жылдың тамыз айынан бері Астана қалалық құрылыс басқармасына басшылық жасап келген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар