Астанаға 5 мың тоннадан астам көмір жеткізілді - Жаңалықтар | BNews

Астанаға 5 мың тоннадан астам көмір жеткізілді

12 қазан, 12:26 1656 Астана
Астанаға 5 мың тоннадан астам көмір жеткізілді

Осыған дейін қалаға 46,7 мың тонна көмір жеткізілген, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

«1 қыркүйек пен 11 қазан аралығында Астанаға 50 мың тоннаға жуық көмір жеткізілді. Қаламызға көмір әртүрлі кен орындарынан жеткізілуде – «Майкөбе», «Қаражар», «Богатырь», «Сарыадыр» және «Шұбаркөл». Тұрғындар арасында «Шұбаркөл» көміріне сұраныс жоғары», - деп атап өтті Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Рысгүл Қауғабаева.

Рысгүл Қауғабаеваның айтуынша, Астана қаласында көмір тапшылығы жоқ.

«Қазіргі күні кен орнынан артылған 7 мың тонна көмірдің 5 600 тоннасы Астанаға жеткізілді. Және осы екі күн ішінде тағы 5 мың тонна көмір жеткізіледі. Күн сайын тек «Шұбаркөл» көмірінің 1,5 мың тоннасы қалаға жеткізілетін болады», - деді Рысгүл Қауғабаева.

Қала бойынша көмір сататын 15 орын бар. Оның ішінде 7-еуі ірі сатылым орындары.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары