Астанадағы №53 мектеп-лицейінде медиация кабинеті ашылды

03 қаңтар, 2019, 15:14 3622
Астанадағы №53 мектеп-лицейінде медиация кабинеті ашылды

Медиацияның қыр-сырын меңгеріп, арнайы білікті маман дайындағанға дейін "Келісім" орталығы мектепті маманмен қамтамасыз етеді.

Астана қаласының № 53 мектеп-лицей базасында медиация кабинеті ашылды, деп хабарлады assembly.kz.

Бастама нәтижесінде № 53 мектеп-лицейі мен "Келісім" халықаралық медиация және құқық орталығы арасында ортақ қызмет туралы шарт жасалды.Кабинеттің ашылуына мектеп-лицей әкімшілігі мен Астана қаласының "Өзбек этномәдени орталығы" мұрындық болған. Оның аясында мектепке білім саласында медиацияны оқыту бойынша қызмет көрсетіліп, мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері мамандандырылатын болады.  

Аталған мектеп лекторлары мен кураторлары "Келісім" орталығының директоры Гүлмира Нарбаева мен медиатор-жаттықтырушы Шерзод Пулатов болмақ.

"Қазіргі қоғамда медиация қажет екенін әрбір азамат түсіне бастады. Бұл заман талабы десек те болады. Дау-дамай туындаған кезде әр тарап өз пікірін ұстанғысы келеді. Бұл балада да, ата-анада да, тіпті ұжым арасында болып жатады. Сол себепті мектепте медиация кабинетін ашуды шештік. Бұған ата-аналар ризашылығын білдірді. Сәтті жоба болады деген сенімім мол", – деді мектеп директоры Зәмзәгүл Қиянова.   

Медиацияның қыр-сырын меңгеріп, арнайы білікті маман дайындалғанға дейін "Келісім" орталығы мектепті маманмен қамтамасыз етіп отыратын болады.

"Біз білім беру саласында медиацияны оқытудың қажет екенін байқаймыз, сол себепті "Келісім" халықаралық медиация және құқық орталығын ұсындық. Оның жинақталған тәжірибесі аталған мектеп-лицейде де медиация кабинетінің жұмысына оң нәтиже береді деп үміттенеміз және қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін өз үлесімді қосамын", – деді медиатор-жаттықтырушы Шерзод Пулатов. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #мектеп #ата-аналар

Читайте также

Похожие новости