Астана көшелерін қардан тазалауға екі мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылды

24 қараша, 2018, 16:20 2501 Астана
Астана көшелерін қардан тазалауға екі мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылды

23-24 қарашада қаладан 10000 текше метрге жуық қар шығарылды.

Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтар бойынша тәулік бойы iKomek орталығына хабарласуға болатындығын ескертеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Санитарлық жұмыстар әр ауданда жүріп жатыр, бүгін қаланы қардан тазалауға 1925 жұмыскер шыққан.

"Есіл" ауданында қар тазалау жұмыстарына 419 жол жұмысшысы қатысуда. Мұнда 316 арнайы техника жұмыс істеуде: автогрейдер – 10, жүк артқыш – 44, жүкті өзі түсіретін көлік – 128, жүкті жинайтын техника – 3, ПМ – 20, ПС – 5, ротор – 1. Қарашаның 23-нен 24-не қараған түні 450 текше метр қар шығарылды.

24 қарашада "Сарыарқа" ауданында тазалық жұмыстарына мамандандырылған техниканың 207 бірлігі жұмылдырылды. Оның 29 бірлігі – ПМ, 27 бірлігі – МТЗ, 12 бірлігі – құм сепкіш, 82 бірлігі – жүкті жинайтын техника, 36 бірлігі – жүк тиейтін фронт, 8 бірлігі – МКСМ, 7 бірлігі – жүк артқыш, 9 бірлігі – автогрейдер. Көшені қардан тазалауға 488 жұмыскер шықты. 23-24 қарашада полигонға 2999 текше метр қар шығарылды.

"Байқоңыр" ауданында тазалық жұмыстарына 142 арнайы техника жұмылдырылған. Оның: 21 бірлігі – ПМ, 22 бірлігі – МТЗ, 7 бірлігі – құм сепкіш, 61 бірлігі – жүкті жинайтын техника, 25 бірлігі – жүк тиейтін фронт, 6 бірлігі – автогрейдер. Қала көшелерін қардан тазалауға 276 жұмыскер шықты. Ауданнан түнде 661 текше метр қар шығарылған.

"Алматы" ауданында тазалық жұмыстарына арнайы техниканың 318 бірлігі жұмылдырылды. Оның: 57 бірлігі – ПМ, 36 бірлігі – МТЗ, 147 бірлігі – жүк жинайтын көлік, 6 бірлігі – жүк тиегіш, 10 бірлігі – құм сепкіш, 56 бірлігі – жүк тиегіш фронт, 6 бірлігі – автогрейдер. Ауданның көшелерін тазалауға 600 адам шықты.

23-24 қарашада қарлы полигонға 9571 текше метр қар шығарылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар