"Астана LRT" көлік картасын толтырудың жаңа тәсілін енгізеді 

16 қараша, 2018, 20:07 3014 Астана

Астаналықтар Astra Plat картасын бір тетікті басу арқылы толтыра алады.

"Астана LRT" көлік картасын толтырудың жаңа тәсілін енгізетін болады. Ол үшін арнайы агенттер гаджет түріндегі арнайы технология арқылы қарапайым құрылғыны қолданатын болады, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жыл аяғына дейін Астана LRT 100 агенттік нүкте ашпақ. Осындай әр нүктеде арнайы агенттер отыратын болады. Ол NFC функциясы бар гаджет түріндегі құрылғыларды қолдана отырып бір тетікті басу арқылы көлік картасын толықтырып береді. Қолданушыларға арнайы агенттік нүктелерде картаны толтыру үшін карта мен ақша ғана қажет. Гаджет немесе смартфонның да қажеті болмайды.

"Жаңалық компанияның көлік карталарын толтыру үшін қолданылатын қымбат тұратын жабдықтарды алуға кететін шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді. Жаңашылдық қоғамдық көлікте көлік картасын қолданатын барлық тұрғындардың ыңғайлылығы үшін енгізіліп отыр. Бұл тәсіл – көлік картасын толықтырудың қосымша түрі. Қолданыстағы тәсілдер алынбайды", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінде.  

Айта кетейік, карталарды бірден толықтыру арнайы кассаларда және RTVM автоматтарында жүзеге асырылады. 6 касса мен 30 автомат жұмыс істеп тұр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар